Ұстаздардың ықыласы ерекше

Біз, ұстаздар қауымы, мемлекет тарапынан білім саласына жасалып отырған барлық қамқорлықты сезініп келеміз. Бүгінгі есептен есіткеніміздей, Сексеуіл кентіндегі темір жол өткелін кесіп өтіп, мектепке қатынауда қиындық көріп жүрген балалар мәселесі оң шешімін тапқалы тұр. 300 орындық жаңа мектеп салынатын болады. Сондай-ақ, аудан орталығындағы «Оқушылар үйінің» құрылысы күзге дейін бітіп, жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деген сенім бар. Облыс әкімінің әрбір істе бірлік, ымыралық танытып, жұмыла еңбек етуге шақыруы ұстаздарға да күш-жігер берді деп білемін.
Санира ЖАННАЗАРОВА,
Арал аудандық білім бөлімінің басшысы