Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақ деген – дүниенің бір тіні

Қазақ деген – дүниенің бір тіні

Күттім күнді, күні күлген, атқан таңы арайлы,
Шырқап дауыс, жырға айналып, әнге бөлер маңайды.
Қиялым жүр, қыдырып қыр, ойым одан биіктеу.
Өмірімді өрнектеген тілдің сөзі шұрайлы.
Бұл қазақтың қақпасы.

Қанатымды қақтым қайта зеңгір көкті қуалай,
Ен даламды екі бүктеп, еркін өрді құралай.
Берік ірге, биік мақсат, негіз болған бабамнан,
Күшпен соққан дауылдан да, дабылдан да құламай.
Бұл қазақтың қақпасы.

Ауасынан жұпар жұтқан, тынысым кең ашылды,
Таза қаны, тулай аққан, бүлкілдетіп тамырды.
Еңсемді нық көтерісті, Егемендік, еркіндік,
Баба жолы, ата жолы, әке жолы нанымды.
Бұл қазақтың қақпасы.

Аққу ұшып, қаз қонатын көркем небір көлдері,
Өзге түгіл, өзім шығып, көрмеген бар, өрлері.
Төрелігін тауып айтқан, біліп айтқан билігін,
Төрімде тұр, Төле, Қазыбек, Әйтекенің өрнегі.
Бұл қазақтың қақпасы.

Тұмандатып таудың басын, Елімайлап өрген ел,
Болмасам да оған куә, куә тарих, жүрген жер.
Бергі жағы, арыстарын бүтін елден айырған,
Сонда-дағы бірлік күші жиғызбаған айылдан.
Бұл қазақтың қақпасы.

Тек жатқан ел, кеп жатқанмен,пейіл қосқан, алыспай,
Ұшқан құс та, жүгірген аң, кете қоймас алыстай.
Қыран қақты, қос қанатын, есесін еш жібермей,
Айбыныңнан көрініп тұр,тұлғалығың барыстай.
Бұл қазақтың қақпасы.

Бодандықтың бұғауымен басың бірге байланып,
Еркін өзің өте алмадың, өтер жерді айналып.
Аспаныңды торласа да, ала құйын өрт шалып,
Аңдығандар ала алмады, келсе-дағы сайланып.
Бұл қазақтың қақпасы.


Ғарыштың да ғаламатын, елден бұрын көрген жер,
Жүрегінің басысыздап, түтін-уға бөккен бел.
Төбемізден төнген тажал мұнша неге мұңайтты?,
Абайдың дажүрген жері,шерге толыптұрған ел.
Бұл қазақтың қақпасы.

Өскен елім, туған жерім, Тәңір берген тарту ең,
Ұлы дала ұрандаған уақытпен үндесем.
Қазақ деген ғажап атың,дүниенің бір тіні,
Рухтанып оянасың, өзгеріп, беу, түрге сен.
Бұл қазақтың қақпасы.

Шолпан Жібекәлиқызы
Арал қаласы







17 қазан 2022 ж. 781 0