АМАНАТ
Жүректе жырдың оты қайнаған,Аралда тудым "Ақұдайлаған".Таудай толқынын тайдай тулатып,
Бақ бере салдың, О, Құдай, маған.
Үңілсем көп ой табамын әлі,
Әкенің мұңы, ананың зары.
Толқынның беті мөлдіреп жатыр,
Сырды жасырып табанындағы.
Келемін жолда, қаламым қолда,
Кейуана отыр, күрсінеді ол да.
Бетін сипады алақанымен,
деді де "Алла, Аралды қолда!".
Байқады білем, қарап қалыппын,
Айтары барын жанардан ұқтым.
– Балам, – деді де бері қарады,
– Өткеннің бетін парақтап өттім.
Ажалды пенде өледі алғашқы, –
деп әжей сырын көнеден ашты.
Ашаршылықта ата-анасы,
Перзентін алып кемемен қашты.
– Қашаннан да Арал киелі болған,
Бұл да біз үшін сый еді, қарғам.
Кемеден тастап ажалдыларды,
Теңіз түбінде сүйегі қалған.
Жылдар салады өз ауанына,
Жылап жіберді, төзе алады ма?
– Толқыны судың жасырған жайды,
"Толқын" газеті жаза алады ма?
Кім білген уақыт ғаламатыңды,
"Толқын" жырласын заман атыңды.
Тоқсан бес жылдық тойда газеттің,
Жыр етіп келдім аманатыңды.
Иә,
Жарқ ету пәсте, сөну де жылдам,
Із қалдыр сөзбен, жол қалдыр жырдан.
Екі дүниені сөйлете алады,
Төрт парақ газет төрімде тұрған.
Халықпен болдың көзайым көптен,
Өткенді көрем өшпейтін беттен.
Иіскеп тұрмын сарғайған газет,
Иісі талай тарихтың жеткен.
Өтеді ақын, өтеді батыр,
Өмірдің өзі өтумен жатыр.
Шаң баса алмайтын тарихы елдің,
Шаң басқан газет бетінде жатыр.
ТІЛДЕСЕР ЕДІМ ӘУЕЛБЕКПЕНЕН
Естіп тұрмысың? Әлем көктеген,
Өмір жоқ Хаққа тәуелді етпеген,
Күн кешер уақыт бұйырса бірге,
Тілдесер едім Әуелбекпенен.
Қайта көрер ме е(ді)к нағыз аңызды,
Тағдыр сыйлы етіп тағы да бізді.
Қайта тірілтті ол бір ғасыр бұрын,
Сан ғасыр бойғы қазынамызды.
Текті еді сезген текке өлмейтінін,
Ғұмырын құнсыз өткермей-тұғын.
Таңбалап кетті қазақтың жыры,
Бұқар жыраумен шектелмейтінін.
Аз ба еді ұлтшыл Алаш құрбаны,
Ол уақыт кімді адастырмады?!
Нәубет заманда тектілігі еді,
Наурызбай жырын қарастырғаны.
Арманы – шындық, арыны – бөтен,
Жүрегің жұрттың жалыны ма екен?!
Қазақты дұрыс танымай жүрміз,
Түркіні қалай таныдың екен?
Жүрсек те санап мұрагер көріп,
Тумайды бәрі Құлагерге еріп.
Сыншылығың мен тілшілігіңе,
Ғасыр тұр міне куәгер болып.
Куәгерліктің ашық парағы,
Сен салған жолмен машықтанады.
Алғаш қол қойған "Толқының" бүгін,
Ғасырға қадам басып барады.
Тарих жоқ сірә тасқа айналмаған,
Тасқа айналғанға қас болмайды адам.
Сүйінші, Әуке, біз азат елміз,
Сен жайлы қазір жасқанбай жазам.
Естіп тұрмысың? Әлем көктеген,
Өмір жоқ Хаққа тәуелді етпеген,
Күн кешер уақыт бұйырса бірге,
Тілдесер едім Әуелбекпенен
Естіп тұрмысың? Әлем көктеген,
Өмір жоқ Хаққа тәуелді етпеген,
Күн кешер уақыт бұйырса бірге,
Тілдесер едім Әуелбекпенен.
Қайта көрер ме е(ді)к нағыз аңызды,
Тағдыр сыйлы етіп тағы да бізді.
Қайта тірілтті ол бір ғасыр бұрын,
Сан ғасыр бойғы қазынамызды.
Текті еді сезген текке өлмейтінін,
Ғұмырын құнсыз өткермей-тұғын.
Таңбалап кетті қазақтың жыры,
Бұқар жыраумен шектелмейтінін.
Аз ба еді ұлтшыл Алаш құрбаны,
Ол уақыт кімді адастырмады?!
Нәубет заманда тектілігі еді,
Наурызбай жырын қарастырғаны.
Арманы – шындық, арыны – бөтен,
Жүрегің жұрттың жалыны ма екен?!
Қазақты дұрыс танымай жүрміз,
Түркіні қалай таныдың екен?
Жүрсек те санап мұрагер көріп,
Тумайды бәрі Құлагерге еріп.
Сыншылығың мен тілшілігіңе,
Ғасыр тұр міне куәгер болып.
Куәгерліктің ашық парағы,
Сен салған жолмен машықтанады.
Алғаш қол қойған "Толқының" бүгін,
Ғасырға қадам басып барады.
Тарих жоқ сірә тасқа айналмаған,
Тасқа айналғанға қас болмайды адам.
Сүйінші, Әуке, біз азат елміз,
Сен жайлы қазір жасқанбай жазам.
Естіп тұрмысың? Әлем көктеген,
Өмір жоқ Хаққа тәуелді етпеген,
Күн кешер уақыт бұйырса бірге,
Тілдесер едім Әуелбекпенен
Оңталап ЖОЛДАСОВ










