Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Теңізден тарту

Теңізден тарту

Бұл – аралдық белгілі ақын Толыбай Абылаевтың «Айнамкөз» атты жаңа жыр жинағы. Теңізді өлкеде туып, содан табан аудармаған ағаның кезекті кітабы қолымызға тиген еді.

«Бірі менің түсімде,

Бірі өңімде,

Бірін қидық неліктен тірі өлімге?!

(Екеуі де Адамзат тілегінде).

Кіші Арал нұр боп жатыр жанарымда,

Ұлы Арал мұң боп жатыр жү­ре­гімде…», деп толғаған ақын­ның бұл жинағында теңіз таба­нын­да ғұмыр кешкен ел-жұрттың тынысы мен тіршілігі суреттеледі. Кешегі шалқы­ған Аралдың өткені мен бүгіні айты­лады. Сиясы кеуіп үлгермеген жинақта басқа да алуан тақырып жетер­лік. Жалпы ақын­ның бұл кітапта бұ­рынғы өлең­де­рінен бөлек, кейінгі жыл­дары жа­зылған жаңа өлең-жыр­­лары топ­тастырылған.

Толыбай Абылаев – көптеген поэзиялық жинақтың авторы. Өле­­ңін өмірмен ұштастырып, шы­­ғар­маларын сын таразысына салып, оқырманға орамды ой мен жыр арнаған ақын. Оның теңіз ту­ралы тол­ғаулары халық ықы­ла­сына бөленді. Шыншыл өлең­дері мен тың тақырыпты арқау еткен туын­дылары ақынды абырой биі­гіне шығарды.

Ақын ағаның бұған дейін «Ша­­ғала», «Арал көшіп келеді», «Аралдан соққан жел», «Арал Ат­лантидасы», «Махаббат дәптері», «Қыран ша­йыр», «Нұртуған ша­йыр» және тағы басқа құнды кі­таптары оқырманын тапқан. Бүгінде жас буын ақын аға­ның жырларын жатқа айтады десек, қателеспеспіз.

Айта кетейік, Толыбай Абы­лаев еңбек жолын атакәсіп – ба­лық­шылықтан бастап, кейін мә­де­ниет пен журналистика сала­сында жұ­мыс істеді. Облыстық және аудан­дық бірнеше басы­лым­да ұзақ жыл жа­уапты қыз­мет атқарды. Жазу­шы­лар және Журналистер одағының мү­ше­сі әрі республикалық жыр до­да­­ла­рының жеңімпазы. Сон­дай-ақ Ж.Әбдірашев атын­дағы республикалық әдеби сыйлықтың иегері.

Ержан ҚОЖАС,
«Сыр бойы»

syrboyi.kz
25 желтоқсан 2025 ж. 54 0