Аралдық ақындар өлеңмен шашу шашты
Аралда дүркіреп өтіп жатқан Әз-Наурыз онкүндігінің бүгін екінші күні "Қайырымдылық" аталыпты. Осындағы "Шаттық" ауылында бүгін "Толқын" газетінің ұжымы, ақын Абай Елеш бастап "Парасатты поэзия" атты шара ұйымдастырған. Аралдық ақындар өлеңмен шашу шашты. Мәдениет орталығының жыршы-термешілері ән-жырдың селін ағызды. Қонақтар мен келушілерге дарынды жазушы Айжарық Сәдібекұлының "Бұрынғының адамдары" атты кітабы тарту етілді.









