
Тәубе
Талап – талабы биік, еңбекқор жігіт. Аты айтып тұрғандай-ақ жастайынан жұмыс талғамай еңбек ететін. Өзі үйінің үлкені болған соң ба немесе ата-анасының кішкене де болса махаббатын сезінуге деген құштарлығы ма кім білсін, әйтеуір, қашан көрсең де елпектеп жүретін. Ата-әжесінің қолында ауылда өскен болатын...












