Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тұмаудың сақтанудың және алдын алудың жолдары қандай?

Тұмаудың сақтанудың және алдын алудың жолдары қандай?

Бүгінгі біздің сұхбатымыз Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының  басшысы Ақзия Қасымқызы Сатекеевамен «Жедел респираторлық вирусты жұқпалардың   және тұмаудың  алдын алу шаралары» тақырыбында болмақ.

  Сұрақ: Күз басталысымен тұрғындар арасында салқын тиіп,тұмауратып  ауыратын адамдар  саны көбейеді. Осыған байланысты ауданда  салқын тию, тұмау жұқпасының тіркелу деңгейі қандай шамада,сол жөнінде айтсаңыз?
Жауап:Арал ауданы тұрғындары арасында  2023 жылдың  қаңтар-тамыз  айында   жедел респираторлық вирусты жұқпалардың  479 жағдайы тіркеліп, оның 200-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында,47-і жасөспірімдер арасында орын алды. 2024 жылдың осы мерзімінде жедел респираторлық вирусты жұқпасымен 2512 науқас тіркеліп, оның 1324 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар  болса, 382-і жасөсіпірмдер үлесінде болды.Аурушаңдықтың жалпы көрсеткіші өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5,21 есеге, балалар арасында  6,63 есеге,жасөспірімдер арасында 7,6 есеге өскен. 2023-2024 жылдардың алғашқы 8 айында  тұмау жұқпасы тіркелмеді.
Сұрақ:Жедел респираторлық вирусты жұқпалар мен  тұмау ауруыныңклиникалық белгілеріне тоқтала кетсеңіз.?
  Жауап: Жедел респираторлық вирусты жұқпалар мен   тұмау ауа арқылы таралатын,өте тез жұғатынтыныс жолдарының жұқпалы вирустық аурулары қатарына жатады.
Жедел респираторлық вирусты жұқпалар  мен тұмауауруының клиникалық белгілері .Жедел респираторлық вирусты жұқпалардың клиникасы ауыр емес, ауру жоғары тыныс жолдарының зақымдалуымен шектеледі, яғни мұрыннан су ағып, тамақ ауырады, кей жағдайда дене қызуы көтеріліп, бас ауру байқалады. Тұмауауруының клиникалық белгілері : ауру жедел басталады, ауырған адамның бірден тұла бойы қалтырап, дене қызуы 38-39 ºС ,кейде 40ºС температураға дейін жетеді. Басы шаншып ауырып, адам дел-сал күйде болады, құрғақ жөтел, тамақтың жыбырлауы, дауыстың қарлығуы, кеуденің ашып ауруы тәрізді белгілер, сондай-ақ  белі мен аяқ буындары сырқырайды, беті мен көзі қызарып, әлсіздік болады.
Сұрақ :Тұмау  несімен қауіпті, науқас адам салқын тиіп ауырған кезде неге мән беру керек?
Жауап :Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанда да жұқпалы аурулардың ішінде, ең алдыңғы орында тұрған, әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарына жатады. Статистикалық деректер бойынша, еліміздеэпидемиологиялық кезеңде жедел респираторлық вирусты жұқпалар  және тұмаумен 800 мыңнан 1 миллионға дейін адам ауырады. Ауру көрсеткіші ересектер  арасында  40 пайызды құраса, балалар арасындағы көрсеткіш 60 пайызға жеткен.Жедел респираторлық вирусты жұқпалармен  және тұмаумен  көп жағдайда  қарт адамдар, жоғары тыныс алу жолдарының және бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар, иммунитеті төмен, әлсіз және жиі ауыратын ересектер мен балалар   ауырады.Бірінші кезекте жүрек-қан тамырлары  мен тыныс алу жолдары ағзаларының ауруларын туғызады, қызметін қиындатады. Бұл көп ретте  науқастардың төсек тартып жатып қалуына, еңбектен қол үзуіне  әкеліп соқтырады. Асқынулар мүгедектікке, ауыр жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.
     Тұмау асқынған жағдайда ауру адамның өкпесі, кеңсірігі, құлағы  қабынып, плевритке, пневмонияға ұласады, жүрек, буын, бүйрек, ми және ми қабықтары зақымданады.Осындай асқынуларды болдырмас үшін науқас дер кезінде дәрігерге қаралып,емделгені жөн.  Уақытылы алынған ем болса  науқас 5-7 күнде аурудан айығып кетеді.
Сұрақ:Жедел респираторлық вирусты жұқпалар мен    тұмау ауруынан қалай сақтануға болады,алдын алу шаралары жөнінде айтып өтсеңіз ?
Жауап : Тұмаудан қорғанудың тиімді жолы -осы жұқпаға қарсы екпе  алу.Жыл сайын тұмаудың өріс алуы кезеңі алдында  халықтың неғұрлым осал топтарына (60 жастан асқан адамдар, созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры аурулары, иммундық жетіспеушілігі бар ересектер мен балалар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, жүкті әйелдер) және медицина қызметкерлеріне  тұмауға қарсы  егу шарасы жүргізіледі. Вакцина ауру басталған кезде оның өршуіне тосқауыл болып, аурудың кең тарап кетуіне кедергі келтіреді. тұмауға қарсы егу- ауруға шалдығуды, асқынуларды болдырмауды, ауыр түрлерін азайтатындығы  дәлелденген   жайттар.
-Науқас адам үйде емделген жағдайда оны жеке бөлмеге оқшаулап, қарым-қатынаста болған адамдарға жұқтырмас үшін  науқас  адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуы тиіс немесе бірмәртелік бетперде киіп жүргені жөн.Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуы қажет. Оларды жиі жуып, залалсыздандырып отыру керек.
-Мұрын мен ауыз қуысын ұдайы тұзды ертіндімен шайып, жеке бас тазалық шараларын сақтау
-Дәрумендерге бай сұйықтықтар, әсiресе лимон, бал, таңқурай, итмұрын қайнатпалары  қосылған  шәйдi, минералды суды көбiрек iшу. Пайдалы, құнарлы азық-түліктерді күнделікті тағамға пайдалану ( көкөніс, жеміс-жидек,сорпалар және т.б.)
-Тұмау ауруының  алдын алуда ағзаны жүйелі шынықтырудың үлкен маңызы бар. Таза ауада көп жүру, дене шынықтыру және спортпен айналысу   аурулардың алдын алуға үлкен септігін тигізеді.
- Үйдің тазалығын сақтау, бөлмелерді жиі-жиі желдетіп,ауаны тазартып отыру және ылғалды тазарту, бөлме температурасын 20-24 0С аралығында ұстау қажет.
    -Көпшілік жиналатын орындардың барлығында санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтау ( бетперде кию, ауруханалар мен емханаларда келушілердің санын, болу уақытын шектеу
Сұхбат соңында айтарым, әрбір тұрғын осындай  қарапайым ережелерді сақтай отырып, тұмаудан және басқа тұмау тәріздес аурулардан өзін және  айналасындағы жақындарын  қорғай алатындығын естеріне саламын!
Сұхбатыңызға рахмет
Сұхбаттасқан: О.ЖОЛДАСОВ

Сурет: www.ernur.kz
18 қыркүйек 2024 ж. 287 0