Әлжанов Толыбай: Арал спортында серпіліс бар
Елдің мерейін өсіріп, көк туымызды әлемдік додаларды көкке көтеретін спортшыларымыз екендігі ақиқат. Қазіргі таңда қазақ спортшылары спорттың сан түрінен үздіктер қатарынан көрініп келеді. Олардың жаттығу залымен, қажетті құралдарымен қамтылуы мемлекет алдында тұрған басты мәселе. Бұл ретте Арал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктері туралы бөлім басшысы Әлжанов Толыбай Шалғынбайұлыменсұхбаттасқан едік. – Толыбай Шалғынбайұлы, ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарылып келеді?
– Арал ауданында спортшылардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалуда. Арал ауданында қазіргі таңда 2 спорт мектебі (№19 АОРМБЖМ, №20 БЖСМ) және «Арал спорт клубы» жұмыс істейді. Біздің басты мақсат – тұрғындарды бұқаралық спортқа барынша тарту. Қазіргі есеп бойынша спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 35 291 адам, бұл аудан халқының 44,5 пайызын құрайды. Бұл – соңғы жылдары қалыптасқан оң динамика.
– Спортпен шұғылданушылар негізінен қандай ұйымдарға шоғырланған?
– Жалпы 35 291 адамның ішінде мектеп оқушылары – 9994, ал колледж студенттері – 280, мекеме және ұйымдар қызметкерлері – 15 285адамды құрайды. Сондай-ақ қызығушылық клубтарында – 7 320 спортшы тіркелген. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде – 2 412 жас спортшы жаттығады. Бұл – аудан халқының спортқа деген оң бетбұрысын айшықтап отыр.
– Ауданда спорт нысандары жеткілікті ме?– Статистикалық есеп бойынша аудан көлемінде 248 спорт нысаны бар. Оның ішінде 5 спорт кешені, 1 стадион, 59 спорт залы, 14 бейімделген спорт бөлмесі және 169 ашық алаң бар.
Сонымен қатар «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында соңғы жылдары бірқатар жаңа нысандар пайдалануға берілді. 2022 жылы – Аманөткелде, 2023 жылы – Қамыстыбаста, ал 2025 жылы – Жақсықылыш кентінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері іске қосылды. Биыл қала ішіндегі Ы. Алтынсарин мен Тоқтар Әубәкіров көшелерінде екі жаңа спорт алаңы салынып, тұрғындар игілігіне берілді.
– Шижаға елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылыс жағдайы қандай?
– Нысанның жалпы құны 434,7 млн теңге. 2024 жылдың желтоқсанында құрылыс басталды, жоспарланған мерзімі – 6 ай. Қазіргі орындалу деңгейі шамамен 30 пайыз: іргетасы құйылып, металл қаңқасы орнатылды. 2024 жылы бөлінген 50 млн теңге толық игерілді. Алайда қосымша қаржының кешігуіне байланысты құрылыс уақытша тоқтатылды.
– Жеке кәсіпкерлер есебінен ашылған спорт нысандары да бар екен. Олардың жағдайы қалай?– Иә, қалада екі нысан жеке кәсіпкерлердің қаржысына салынған. М. Әуезов көшесі 9а мекенжайында кәсіпкер Ф. Сауытбаев жекпе-жек бағытындағы спорт зал ашты. Жобалық құжаттары бар, бірақ құрылыс тұрғын үй нысаны ретінде рәсімделгендіктен, спорт объектісі ретінде ресми қабылдау актісі жасалмаған. Құжаттандыруға шамамен 2 млн теңге қажет.
Ж. Кенжебаев көшесіндегі кіші футбол залы да осындай жағдайда. Жер актісі бар, бірақ спорт нысаны мәртебесіне сәйкестендіру қажет. Шамамен 2 млн теңге шығынды талап етеді.
– Жоспарланып отырған жаңа жобалар бар ма?
– Қарақұм ауылдық округінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасы әзірленуде. Қазір облыстық деңгейде қаралып жатыр. Ауыл халқы – 2500 адам. Қаржыландыру көздері нақтыланбағандықтан, құрылыс мерзімі кейін анықталатын болады.
– Өткен жылы балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубы құрылған еді. Оның жұмысы басталды ма?
– 2024 жылы «Арал аудандық балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубы» ресми тіркелді. Бюджеттік өтінім де тапсырылды. Алайда спорт ғимараттарының тапшылығына және бюджет мүмкіндігінің шектеулі болуына байланысты клуб әлі толыққанды жұмысын бастай алған жоқ.
– Әлеуметтік тапсырыс аясында қандай жұмыстар атқарылуда?
– Аудан бюджетінен 36,8 млн теңге бөлінген. Оның 31,8 млн теңгесіне мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, «Қайырымдылық көмек – Сырдария» ұйымы жеңімпаз атанды. Бүгінде қала, кент және ауылдық округтерде барлығы 35 спорт нұсқаушысы жұмыс істейді.
– Биыл қанша спорттық іс-шара өткізілді?
– Аудан спортшылары арасында 2025 жылдың он айында 66 спорттық жарыс ұйымдастырылды. Оның 6-ы республикалық, 7-і облыстық деңгейде өтті. Жалпы 6 300-ге жуық спортшы қатысты. Бұл шаралар жыл аяғына дейін жалғасын табатын болады.

– Ел намысын қорғап жүрген спортшыларымыздың жетістіктері қандай?– Қуанышты жаңалықтар көп. 2025 жылы Қазақстан чемпионаттарында жерлестеріміз 5 алтын, 10 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды. Азия біріншіліктерінде 6 алтын, 1 күміс және 2 қола, жалпы 9 медаль иеленді. Бұл – аудан спортының әлеуетінің артқанын көрсетеді.
– Әңгімеңізге рахмет!
Әңгімелескен Н. БАҚЫРАН