Ұлттың ұлы мерекесі

Бағыты айқын, жолы жарқын Қазақстандағы әрбір бастамалар мен толымды тірліктер ел игілігі үшін жасалып жатқаны баршаға мәлім. Ендеше, ортақ мақсат, ортақ абырой жолында асқаралы асуды, берік белестерді бірге бағындыра берейік.
Өздеріңіз біліп, көріп отырғандай мемлекет қамқорлығындағы Арал қайта жасанды. Көркіне көрік қосып, сәулетіне сән енді. Мұның бәрі жағалау жұртының ертеңін еңселі, келешегін кемел етуге жасалған табысты тірліктердің айқын жемісі.
Отбасыларыңыз аман, жүздеріңіз жарқын , шаңырақтарыңызға шаттық қонсын! Қайта санада ұлықталған Республика күнінде жақсылықты сезініп, табысты іске кенеле беріңіздер!
Абай ЕЛЕШ,
аудандық "Толқын" газетінің бас редакторы