Аудандық музей қалай ашылды?
Ауданымыздағы бірегей мәдени ошақтардың бірі – аудандық тарихи өлкетану музейі. Ресми түрде Қазақ ССР-ы Министрлер Кеңесінің қаулысымен 1988 жылдың 25 маусымында ашылды. Содан бері, міне, 35 жыл бойы халыққа мінсіз қызмет көрсетіп келеді. Алғашқы ашылған кезде 2 залы ғана болса, қазірде 6 залы, 8 мыңдай жәдігері (экспонат) бар. Жылына 10 мыңға жуық көрермен қамтитын мекемедекөрме залдары мен қор бөлімінде аудан тарихына байланысты көптеген аса құнды жәдігерлер бар. Әрине, ауданда бұған дейін де 1930 жылы музей ашылып, ол 1947 жылы белгісіз себептермен жабылып қалған. Оның барлық жәдігерлері облыстық музейге табысталған.Ал енді осы музей қалай ұйымдастырылып,ашылды.Оны көпшіліктің біле бермеуі мүмкін.
Аудандық мәдениет бөлімін ширек ғасырдан аса басқарған Құдайберген Жасекенов ағамыз 1924 жылы туған, яғни 1984 жылы 60 жасқа толып зейнетке шығуы тиіс болатын. Кеңес өкіметі кезінде зейнетке 60 жаста шығатын және жоғарғы басшылық рұқсат етсе әрі қарайда бірнеше жыл жұмысын жалғастыра беруге мүмкіншілік бар еді. Тек ол кезде бүгінгідей зейнетақысын да, айлығында қосарлап алмайтын.Сонымен Құдекең 1984 жылы 60-қа толса да зейнеткешықпай, жоғарғы басшылықтың рұқсатымен меңгерушілікжұмысын одан әрі жалғастыра берді.
1971-1987 жылдар аралығындаоблыстық мәдениет басқармасыныңбастығы Жарылқасын Үмбетов деген кісі болды. Аса білімдар,қызметкерлерге қатаң талап қоятын қатты адам еді, бірақ барынша әділетті болатын. Оның сынынан өткендер ғана жұмыс істейтін, талабына шыдамай біраз адамдар жұмыстан да шығып кетті. Тіпті бір ауданның орталық кітапхана директоры әйел адам Үмбетовтің талабына шыдамай декретке шығып кеткен. Кейін әріптестері оны «Үмбетовтен қорқып,декреткешыққанкеліншек»депқалжыңдайтын. Жастарықатарласболғасынба,әлдепарасаттылықтарынсыйладыма,ол кісі әйтеуір Құдекең мен Қазалы аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі Кеңес Асанбаевты қаттықадірлейтін.
Бірде сол Үмбетов,шамасы 80-ші жылдар, Аралға келген бір іссапарында Құдекеңе:
– Құдеке,не ойлап жүрсің,енді 3-4 жылда зейнетке шығасың,сонда не істейсің, әлде үйде жатып аласың ба, бірдеңемен айналысуың керек қой,сен істей қоятындай мәдениет бөлімінде жұмыстың реті жоқ, сондықтан Аралда музей ұйымдастырып,қайтадан ашайық,ол саған келешек нан болады,ол үшін осы бастан музейге керекті жәдігерлерді жинай беру керек, оғанауданның барлық мәдениет қызметкерлерін жұмылдырыңдар, ал мен өз тарапымнан қандай көмек болсада жасаймын,– деді. Бұл біз ойланбаған тың ұсыныс еді,әдепкіде не дерімізді білмей абдырап қалдық. Тіпті жәй айтыла қалған сөз шығар деп мән де бермедік.Өйткені музей ашу үшін қыруар жәдігер жинау керек,оның одан басқа да қаншама жұмыстары жетіп жатыр. Ал біздің музей дегенді сырттай білгеніміз болмаса,оның ішкі құрылымдарынан хабарымыз шамалы еді. Сондықтан бұл орындалмайтын шаруа ғой деп ойладық.Бірақ Үмбетов бізге талап еткенін қоймады. Ол Аралға келесі келгенде "қанша жәдігер жинадыңдар?" деп сұрақты тікесінен қойды. Біз не айтарымызды білмедік,өйткені бірде-бір жәдігер жиналмаған еді. Үмбетов онымен қоймай,аудандық партия,атқару комитеттерінің басшыларына кіріп, ауданда музей ашу мәселесін көтерді. Облыстық партия,атқарукомитеттерінен аудан басшыларының атына нұсқау-хаттар түсірді. Бізге енді облыстан да, аудан басшылығынан да тапсырмалар беріле бастады.Қаласақта,қаламасақта біз бұл жұмыспен енді шындап айналысуға мәжбүр болдық. Ендігі кезекте музейге керекті жәдігерлерді жинап,оған бас-көз болатын бір адам керек болды.Мәдениет бөлімінде басқа адамның реті болмай, бұл жұмыспен менің айналысуыма тура келді. Әр жыл сайын екі-үш қайтарадан ауданның барлық елді мекендерін аралап, алдымызға сол жердегі клуб, кітапхана, ауылсовет қызметкерлерін салып жәдігер жинауға кірістік. Біріне түсіндірдік,біріне жалындық, біріне музейде атың қалады дедік,жолдастығымызды, ағайыншылығымызды салдық, әйтеуір түрлі әдістерді қолдандық. Музей ашамыз дегесін жұртшылықта жәдігерге жарайды-ау деген көнеден қалған заттарын ақысыз беріп жатты. Тіпті кейбір заттарды жәдігерлікке жарамағасын тастап кеткен кездеріміз де болды.
Ауданның барлық мәдениет қызметкерлеріне музейге жәдігер жинаутапсырылды. Әсіресе ауылдық клуб, кітапханашыларға қалаға әр келген сайын жәдігер әкелу қатаң міндеттелді.
1979 жылы теңіздің тартылуына байланысты аудандағы ең ірі мекеме теңіз порты жабылып,оған қарасты «Маяк» клубы мәдениет үйіне берілдіде,бұған дейін 15 жылдай мәдениет үйі қызметін атқарып келген қазіргі музейғимараты бос қалды.Қолға түскен жәдігерлерді осы үйге әкеліп,жинай бердік. Жалпы бұл үй аудан үшін қасиетті де қастерлі үй деуге болады. Осы үйде Қазанғап оркестрі,драма ұжымы халықтық атақтарға ие болды. Белгілі жырауНабат Ойнарова,Қазақстанның халық әртісі ҚұдайбергенСұлтанбаев,Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері,композитор Мұрат Сыдықов және басқалар өздерінің өнер жолдарын осы үйдің қабырғасында бастады.Ауданның өнері мен мәдениеті үлкен биікке көтерілді.
1986 жылдың қазан айында Қ.Жасекенов заңды зейнетке шығып,музейге ауысуы керек болды. Бұған дейін 3 мыңдай жәдігер жиналған еді. Бірақ музей әлі ресми түрде ашылмағандықтан қаралған штат жоқ болатын. Дәл осы кезде Ж.Үмбетов уәдесінде тұрып,көмекке келді. Облыстың білдейбір мекемесі,облыстық музейдің 5-6 адамдық штаты бар бір бөлімін уақытша жауып, оның адамдарын басқа бөлімдерге ығыстырып,Аралға ауыстырды.Бұл кезкелген басшының қолынан келе бермейтін үлкен ерлік әрі қамқорлық еді. Құдекең сол бөлімге меңгеруші болды да, қалған штаттарға адамдар алынды. Үмбетов онымен қоймай, республикалық «Казреставрация» мекемесінен суретші-реставраторлар бригадасын алдырды. Облыстық музейдегі Аралға қатысты жәдігерлердің басым бөлігін кері қайтарып, облыстық музейдің Әмірғали Көшекбаев бастаған білікті мамандарын Аралға жиі-жиі жіберіп, көмек көрсеткізді. Бұлардың барлығы да музей ресми ашылғанша бір жарым жылдан аса осында жұмыс істеді.
Музей жұмысын ұйымдастырып,ашылуына аудандық партия,атқару комитеттері барынша қамқорлық көрсетті.Ауданның барлық мекемелеріне тапсырмалар берді.Әсіресе кеме жөндеу зауыты, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, сауда,денсаулық,білім,мәдениет,КазНИИРХ,Барсакелмес мекемелерінің көмектері ерекше болды. Кеме жөндеу зауыты музей ғимаратын күрделі жөндеуден өткізумен қатар, көркемдеуге қажетті заттарды,турникеттерді жасап берді. Тұрмыс қажетін өтеу комбинаты сапалы ағашпен, фанералармен қамтамасыз етті. КазНИИРХ, Барсакелмес мекемелері әртүрлі аң-құстардың, балықтардың мумияларын тегін берді.
Музейді көркемдеуде суретші-реставраторлармен бірге әсіресеҚұдекеңнің інісі Жасекенов Смағұлдың еңбегі өлшеусіз болды. Смағұл тамаша ағаш ұстасы еді,ол өзінің жеке станоктарын әкеліп, музейдің барлық стенділерін жасап берді.Осындай қажырлы еңбектің нәтижесінде жоғарыда айтылған күнде музей салтанатты түрде ашылды. Оған аудан басшысы Б.Ақпенбетов,ардагерлер,мекеме қызметкерлері, жалпы жұртшылық,мектеп оқушылары қатысты. Аралда музейдің ашылуына себепкер бірден-бір адам Жарылқасын Үмбетов ағамыз бұл салтанатқа қатыса алмады, ол бұл кезде денсаулығына байланысты облыстық мәдениет басқармасы басшысы қызметінен кеткен болатын.
Осы уақыт ішінде музей күннен-күнге кемелденіп, ел қызыға баратын рухани мекенге айналды. Көрнекті зергер Құдайберген Құлмамбетов музейге зергерлік ұста дүкенін жасап берсе,белгілі суретшілер Абай Әбішов, Берік Бөкешов көптеген картиналарын сыйға тартып,одан галерея ашылды. Музей жанынан балықшылар өміріне қатысты филиал ұйымдастырылып, ол жеке статусы бар Балықшылар музейі болды. Бүгінде музей халықтың рухани нәр алатын орталығына айналған.
Ж.Төребеков,
«Арал өлкетанушылары» қоғамдықбірлестігінің мүшесі,
мәдениет саласының ардагері