Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаруалар жұмысы ширай түспек

Шаруалар жұмысы ширай түспек

Өткен аптада Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Жолдау барысында «алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз» деген болатын.
Бұл мәселе көпшіліктің ойында жүрген пікір. Расымен де ауыл шаруашылығын дамыту еліміздің экономикасына оң әсерін тигізеді. Ол үшін алдымен ауыл шаруашылығын дамытудағы кедергілерді нақтылап, оның шешу жолына мән беру қажет. Арнайы жоспар арқылы жұмыс жасасақ шешілмейтін мәселе жоқ. Ауыл шаруашылығы өнімдері артып, азық-түлік қауіпсіздігі реттелмек. Сондай-ақ бағаның тұрақтылығына бірден-бір қозғаушы күш те осы ауыл шаруашылығына қатысты барлық саланың жұмысы жөнделгенін де деп білеміз.
Арал ауданының басты байлығы саналған балық шаруашылығы бүгінде негізгі кәсіптің көзі саналады. Көнеден жергілікті халықтың кәсібіне айналған бұл салаға да баса назар аудармасқа болмайды. Себебі балықты шамадан тыс аулау салдары халыққа зиянын тигізуде. Міне, осы ретте ауданда қолға алынып жатқан балық өсіруге негізделген жобалар бүгінгі күннің нағыз қажетті жаңалығына айналып отыр. Ғасыр жобасына баланған САРАТС-тың І кезеңінен кейін тіршілігіне тіпті қан жүгіре бастаған теңіз жұртшылығы үшін осындай нақты жобалар қажет-ақ. Сонда ғана істелген жұмыстар өз нәтижесін беріп, аудан экономикасының дамуы тіпті жеделдей түсеріне сенімдімін.
Н. АБАТОВ
05 қыркүйек 2023 ж. 165 0