Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғыс айту күні. Ол қандай мереке?

Алғыс айту күні. Ол қандай мереке?

1 наурыз − Алғыс айту күні. 2015 жылы күнтізбемізге енген жаңа мерекенің маңызы мен мәні айрықша. Қысылтаяң қилы кезеңде қазақ топырағына табан тіреген этностар мен тұрғылықты халықтың арасындағы достықты дәріптеуді көздейтін мейрам алғаш рет 2016 жылы жалпы халықтық сипатта тойланды, деп жазады Egemen.kz.

Сталиндік режім кезінде Қазақстанға түрлі этностар - 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілі, 18,5 мың Қиыр Шығыс­тағы корей отбасы қоныс аудар­ды. Саясаттың салқынынан ата жұртынан алысқа ұзауға мәжбүр болған жұртты Қазақ халқы жарқын пейілмен қарсы алды. Өз кезегінде қоныс аударушылар да «аштықта жеген құйқаның ауыздан дәмі кетпес» деп біздің халықтың зұлмат жылдары жасаған жақсылығын әсте ұмытқан емес.

1 наурыз − Қазақ халқының дархан көңіліне өзге этнос өкілдерінің жария ықылас білдіру, алғыс айту күні.

Осы мерекенің мәніне ұқсас ризашылық білдіру күні: АҚШ, Жапония, Израиль, Вьетнам, Қытай, Беларусь тағы басқа елдерде де тойланады.

Жазушы Камал Әлпейісова Қазақстанда тойланатын Алғыс айту күнінің мазмұнын былай түсіндіреді: «Қазақ халқы үшін – қиналғандарға қамқорлығын аямайтын, жасаған жақсылығын сатпайтын, құшағына алған қанша жұрт қайырымдылығын айтып, тәу етіп жатса масаттанбайтын халқымыз үшін – бұл басқа елдерде бар болғандықтан белгілен­ген мереке емес, бұл – қажеттілігін уақыт­­тың өзі талап еткен, ХХ ғасыр­дың зұлматы қайталанбауы үшін оны бастан кешкен халықтар жадысын жаңғырту мақсатында пайда болған мереке».

фото: egemen.kz
01 наурыз 2024 ж. 234 0