Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім мен тәрбиенің нәтижесін болашақ айқындайды

Білім мен тәрбиенің нәтижесін болашақ айқындайды

Қай саланың болсын өркендеу жолында мамандардың бір-бірі¬мен пікір алмасып, тәжірибе бөліскені аса маңызды. Бүгінгі күні ұстазға қойылар талап пен міндеттер де күрделі. Сондықтан тәуелсіз елдің ұстазының білімді де білікті оқушыларды қалыптастыруда атқарылып жатқан жұмыстар да едәуір. Соған сәйкес  №61 орта мектепте жаңашылдық пен ізденіске құштар өз пәнінің білгір маманы қай кезде де уақыт талабына сай еңбек етіп келеді. Заман талабына сай аянбай тер төгіп жүрген ұстаздар баршылық.
Бүгінгі таңда мұғалім дәстүрлі сабақ өтумен шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Ол үшін мұғалім барынша ізденімпаз болуы маңызды. Сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілеті де жоғары болуы тиіс. Бүгінгі заман талабына сәйкес мұғалімнің көштің басында жүруі – жаңа дәуірдің талабы.
Сондай жандардың бірі ретінде  мектептің жас маманы, математика пәні мұғалімі Әлішер Әбдіхалықовты айтар едік. Ол биылғы оқу жылында математика пәнінен «Математикалық регата» атты республикалық сайысына қатысып, Қызылорда облысының білім бөлімінің І дәрежелі дипломын иеленді. Одан әрі өзі білімін республикалық сайысқа қатысып, білімін жоғары деңгейде көрсетіп қайтты. Бұл жөнінде:
– Педагог мамандығы мен үшін қиындау дүние екенін білетінмін, дей тұра білімімді сараптаудағы алғашқы қадамым аудандық, облыстық, республикалық деңгейде оң нәтижесін берді. Бұл – мен үшін де, менің мектебім үшін үлкен мәртебе. Өзім жас маман ретінде үлкен жауапкершілікті сезіндім. Осындай сәтте мендей жас маманға сенім артқан мектеп басшысы, білікті ұстаз Сәкен Садықовтың  ұйымдастырушылық қабілетіне риза бола отырып ұстаздық қамқорлығы мен әріптестік көмегіне зор алғыс білдіремін, – дейді Әлішер.
Иә, кезіндегі ұлы ғұламаларымыз: «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында» деген екен. Бұл сөздің өзектілігі әлі күнге дейін жойылмады. Баланың болашақ өмірінде ұстаз берген өнеге мен өсиеттің арқалар жүгі өте ауыр. Бала мектеп жасында қандай білім алса, кейінгі өмірінде сол білімнің арқасында қызмет етеді.
Ұстаз әрқашан шәкіртін өмірге баулушы екені белгілі. Оқушының қай бағытқа бейімді екенін, соған сәйкес қосымша сабақ өткізуде ауыл мектебінің жетістігі көп-ақ. Айтар болсақ, облыстық олимпиададан география пәні бойынша 9-сынып оқушысы Қанат Әбдіхалықов І дәрежелі диплом, жетекшісі Жұлдыз Тілеуқабылова, физика пәні бойынша ІІІ орын 9-сынып оқушысы Ерубай Серікбаев, жетекшісі Смағұлова Гүлмира жүлделі орындарды иеленді. Сонымен бірге, спорт яғни дене шынықтыру саласы бойынша жүлдегерлеріміз де аз емес. Биылғы жылғы Қазақстан чемпионатында 9-сынып оқушысы Мирас Махамбетов облыс абыройын қорғап, Қазақстан чемпионы атанды.  Бес асық бойынша ұлттық лигада облыс абыройын қорғап жүрген 9-сынып оқушылары Кеңесбекова Сабина, Қалжан Жанерке, Жақсылықова Әсем командалық есеппен І орынға ие болды. Гандболдан 6-сынып қыздар командасы І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Балаға бүгінгі берілген білім мен тәрбиенің нәтижесін болашақ айқындайды. Сондықтан Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жүйелі жалғасын таба бермек.
Мөлдір ТӘЖІМБЕТОВА,
№61 орта мектептің қосымша білім беру маманы


21 сәуір 2024 ж. 246 0