Қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты

Сотталушы С. өзіне тиесілі «Тоуota Estima» маркалы автокөлігімен Шижаға елді мекенінен М32 «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық маңызы бар тас жолына басты жолға жол жүрісі ережелерін сақтамай шығып жәбірленуші Д. басқаруындағы «Toyota Estima» үлгісіндегі автокөлігімен соқтығысып нәтижесінде, бір жолаушы ауыр дене жарақаттарын алып қайтыс болған.
Сотталушы С. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оны 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 63-бабын қолданып тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, бас бостандығынан айырудың барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгiленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі