Өрт – тілсіз жау!

Табиғат байлығын қорғауда Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығықызметкерлерінің маңызы зор. Өрттің алдын алу мақсатында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлар құрамы мен мекеменің экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері жүйелі жоспарға сай ауқымды іс-шаралар атқаруда. Ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының алдын алу мақсатында «ОРМАН» жедел-прафилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Сонымен қатар, қорыққа көршілес орналасқан ауылдардағы, елді мекендердегі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шаралары жайында үнемі ескерту қағаздарын таратып, олардың арасында мамандармен бірге үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.
Құрметті аудан тұрғындары! Осы шараларды мұқият орындап, өртті болдырмауды және оның алдын алу жағдайларын қарастырып, баршамыз тілсіз жаудан аман болайық.
Ө.Дәндібаев
«Барсакелмес мемлекеттік
табиғи қорығы» РММ-нің
өрт сөндіруші қызметкері