Баршамыз міндеттіміз

Өзіміз тұратын қаламызды таза ұстау әрбір тұрғынның басты міндеті болып табылады. Сонымен бірге бұл да бір мәдениеттіліктің белгісі. Халық мәдениетті болса, қала да таза тұрады. Сонымен бірге ауданымызда тазалық шаралары жүйелі жүріп жатқанын көзіміз шалып жүр. Тіпті түрлі сенбіліктер ұйымдастырылып, әр азамат тазалыққа аса жауапкершілікпен қарап жүр. Тағы айта кетерлігі, бүгінде қоғамдық жерлердің барлығында дерлік арнайы қоқыс тастайтын жәшік орналасқан. Адамдар да соған үйреніп, қоқысты жерге тастамай, арнайы жәшікке тастайды.
Ә. ҚУАНДЫҚОВА,
қала тұрғыны