Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Ұстаздар күнімен құттықтады

Аудан әкімі Ұстаздар күнімен құттықтады

Құрметті ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен құттықтаймын!
Ұстаз – ұлағатты есім. Кез келген қоғамда және барлық кезеңде ұстаздың ұлы даңқына баға жетпейді. Ұлт болашағы – білімде, сапада, тәрбиеде екенін ескерсек, ұстаз шәкірт бойына осынау құндылықтарды сіңіре білетін тәрбиеші.
«Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деген Мағжан Жұмабаевтың пайымын ой таразысына салар болсақ, мұғалім ұлт ұстаханасы екенін ұғамыз. Мұқым елдің ақыны мен батыры да, ғалымы мен дарыны да ұстаз алдынан өтеді. Ұстаздың дәрісінен тәлім алады. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл қоғамды қалыптастыратынтұлға.
Білім саласы еш уақытта мемлекет назарынан сырт қалған емес. Біз жылдың қай мезгілінде болсын білім саласына лайықты қолдау білдіріп келеміз. Себебі баланың бүгініне салынған инвестиция ертең еселеп қайтарын өмір тәжірибесі айқындаған.
Қадірменді ұстаздар қауымы!
«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ы.Алтынсаринның пайымы Сіздер үшін негізгі ұстанымға айналуы тиіс. Сонда ғана табыс пен ізденіске толы саладағы Өздеріңіз салған жаңашылдық ешқашан ескірмек емес. Осы қызметтеріңіз үшін, қадірлі ұстаздар, Сіздерге зор ризашылығымызды білдіреміз!
Тәуелсіз ел болашағы – жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие берудегі жасампаз еңбектеріңіз әрқашан нәтижелі болып, абыройларыңыз асқақ болсын!
Сіздерге шығармашылық толағай табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Арал ауданының әкімі А.ОҢҒАРБАЕВ
05 қазан 2024 ж. 106 0