Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапкершілік жалпыға міндет

Жауапкершілік жалпыға міндет

Балық – теңіздің байлығы, халықтың несібесі. Расында теңізді жағалай қоныстанған аудан тұрғындары үшін балықтың орны ерекше. Сонау қиын-қыстау уақыттың өзінде аралдықтардың азығына, одан бөлек ата кәсібіне айналған балықтан қол үзбей келеді. Теңіз маржанын тіршілігіне тікелей байланысты еткен мұндағы жұрт САРАТС жобасының бірінші кезеңінен кейін жемісті жұмыстың иігілігін еселеп көре бастады.
Алайда балыққа да бақылау керек. Заңсыз балық аулау, тыйым салынған уақытында теңіз айдындарына шығу балықтың өсуіне орасан зор зиянын тигізеді. Сондай-ақ су айдындарының тазалығы да аса маңызды. Осы бағытта аудан көлемінде жоспарға сай жұмыстар істелді.
Ағымдағы жылдың тоғыз айында балықты заңсыз аулағаны үшін 189 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері тіркелген. Оның ішінде инспекция қараған әкімшілік материалдар – 162, сотқа жіберілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің саны – 27. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 бабының 1 бөлігімен қозғалған істер саны – 144. ҚР ӘҚБт Кодексінің 383 бабының 2 бөлігімен, яғни бір жылда екі рет қайталап жасаған бұзушылық – 3, ҚР ӘҚБт Кодексінің 389 бабының 1 бөлігімен – 1 бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 390 бабы 2 бөлігімен 15 құқы бұзушылық. Әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан 2907450 теңге әкімшілік айыппұл салынып, толығымен өтелді. Жануарлар дүниесіне келтірілген залал 1089192,4 теңге толығымен өтелді. Заңсыз балық аулауды алдын алу мақсатында Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының Арал балық инспекциясы бөлімінде 10 мемлекеттік инспекторы қарқынды жұмыс жасайды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 бабының 3 бөлігімен, яғни тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдерімен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын бұзғаны үшін 27 азаматқа іс қозғалып аудандық сотқа жолданды. Аудандық соттың шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қолдануға рұқсат етілмеген полиамидтік моноталшықтан жасалған ау құралдарының 58 дана тәркіленіп, арнайы бекітілген комиссия құрамымен өрттеу жолымен жойылды.
Иә, халықтың несіне немқұрайлы қарау біріншіден табиғатты, кейін өзімізді сыйламау болып табылады. Теңіздің байлығын қорғау – өзіміздің байлығымызды қорғау деп түсінген абзал. Аралдың атын әлемге танытып, шетелге экспорттап отырған брендін барынша жанашырлықпен қорғанан абзал.
Ә. МЕҢДІБАЕВА,
Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының Арал балық инспекциясы бөлімінің жетекші маманы-мемлекеттік инспекторы
29 қазан 2024 ж. 169 0