БІЛІМ ОРДАЛАРЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАСИХАТТАЛЫП ЖАТЫР

- "Бес асық" ойыны былтырдан бастап мұғалімдер спартакиадасының бағдарламасына қосылған болатын. Өткен жылы бұл сайыста біздің команда екінші орынды иеленсе, биыл жеңімпаз атанып отыр. Өзім осы сайыс бойынша І дәрежелі ретінде төрелік еттім. Жалпы, "Бес асық" – бұрынғы "Бес тас" ойынының жалғасы іспеттес. 2012 жылы бұл ойынның нақты ережелері бекітіліп, ресми түрде атауы берілді. Содан бері бұл ойын ұлттық мектеп лигасының құрамына және Қазақстан Республикасының чемпионатына енгізілді. Биыл елімізде өткен Көшпенділер ойындарында "Бес асық" түрінен Арал қаласындағы әріптесіміз Әлем чемпионы атанып, ел абыройын асқақтатты. Қазіргі таңда бұл ойынға мектеп оқушыларының да қызығушылығы жоғары,- деді республикалық мұғалімдер спартакиадасының «Бес Асық» түрінен төреші Үміт Есендікова.