Жүргізуші еңбек демалысына жібермеген бастығының үйін өртеп жіберген

Сотталушы жұмыс барысында бастығының еңбек демалысын бермегеніне наразы болған. Кейін ол өзінде оның пәтерінің қосымша кілті бар екені есіне түсіп, бастығының үйіне барып, өртеп жібереді.
Сотталушы тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындады.
Сот үкімімен соттаушы Е. кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.