АҚПАРАТ АЛАМАНЫНЫҢ АҚТАҢГЕРІ
Кейіпкерлер қиялымды қозғадыӘлбетте, өмір формуласы деген атымен жоқ. Орта мектепті бітірген бойда 1966 жылы №13 Т.Г.Шевченко атындағы орта мектепті тәмәмдаған бойда Қызылордадағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтқа маңдай тіредім. Өзімді ойша тақта алдына шығарғанда, математика пәнінің мұғалімі ретінде елестетіп көріппін. Шынында, есепке жүйріктеу едім. Сол дәмемен қабылдау комиссиясына құжаттарымды өткізгенде бірден үрейімді ұшырған 75 талапкердің бірі екендігім тәуекел белбеуін бірден босатып жіберді. Менің түсінігімде институтқа біріңғай «бестік» бағаны қанжығасына байлағандар ғана табан тіреуі заңдылық сияқты. Өзімді дереу сол санатқа қосқанымда,бірден топжаруым неғайбылдау күдік ұялатты. 75 талапкердің тек 25 ғана студент атануы керек. Ауылдан ұзамаған боркеміктеу мен сияқтыларға бұл қамалдан өту мүмкін емес сияқты көрінді. Сол қобалжу біржолата шегіндіріп, комиссияға тапсырған құжаттарымды дереу қайтарып алдым. Сүйтіп мамандық таңдау қателік пен сәттіліктің шекарасына қазықтай қағып жіберді.
Көркем әдебиетке құмарлығым бірден қолтығымнан демеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі атану үмітін тұтатты. Бұрыннан ауыл кітапханасына көбірек бас сұғатыным енді біржолата кітап сөрелеріне арқа тіретті. Кітапханашы Жалғас ағайдың сеніміне кіріп штаттан тыс көмекшісіне айналдым. Қалың мұқабалы кітаптардың сыйқырлы беттері біржолата баурап әкетті. Отандық әдебиеттің көшбасы саналатын Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы тұтастай бір дәуір эшалонын қол былғатты.Жюль Вернның «Он бес жасар капитаны», Даниел Дэфоның «Робинзон Крузо», Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік», Федор Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза», Максим Горькийдің «Ана», Тихон Симушкинның «Аласталған алитет» романдары бірден қиял әлеміне ентелетті. Садриддин Айнидің «Құлдар», Геогргий Тушканның «Жора», Садықбек Адамбековтың «Тау арасында» туындылары қым-қуыт оқиғаларымен түрлі ұлт өкілдерінің таңғажайып болмысына таңдай қаққызып қойды.
Шетелдік сөз шеберлерінің туындыларын әдеппен ығыстырған Әбдіжәміл Нұрпейсовтің «Курляндия» романы, Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», Сансызбай Сарықасқаевтың «Өлгендер қайтіп келмейді» повесттері өмір суреттерінің әдеби баламасына еріксіз табындырып қойды. Өзіміз сияқты жағалау қара домалақтарының шынайы болмысына күдікпен емес, үмітпен қарауға біржолата иландырды. Сүйтіп кітаптар әлемі алдарқатқан күміс күз, қайраттандырар қыс, көңілшек көктем, жайдары жазбен көмкерілген сынақ мерзімі қайтадан Қызылорда педагогикалық институтына табалдырығынан аттатты. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дейтіндей қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына үміткерлердің ұзын ұрғасы 425-ке жетті. Амал қанша, шегінетін жер жоқ кітап жастанған бір жылым текке кетпеді. Шығарма жазудан қамшы салдырмадым. Ауызша сұрақтардан да мүдірген емеспін. Тарих пәнінен де түсінігім тереңдіктен ізделді. Ағылшын тілін оқымағандықтан бұл пән естиханы есепке алынбады. Осылайша әдеби әлем босағасынан cүрінбей, білім дәлізінен төріне қарай нық қадам бастым.
Студент аудиториясына батыл енуімнің бір ұштығы ауыл өмірінен аудандық газетке жолдаған мақалаларымның омырауымды ыстық күлшедей қыздырған қалами қайтарымнан мен мұңдалап тұрды.Ауыл радио торабынан балықшылардың жазғы,қысқы балық аулау маусымынан дайындаған репортаждарымды микрофонға желімдей жабыстырған шығармашылық интузиазм филология мінберін жатсынған жоқ. Сол сәттен бастап сөз құдіретінің, шындық пен шеберліктің тоғысқан тұсы менің өмірлік бағытым боларын ұқтым.
Қазақ әдебиетінің ғылыми бастауынан ізделетін профессор Әуелбек Қоңыратбаевтың ғұламалық тереңдігі өзімді шығармашылық шабарманы болуға кәдімгідей жігерлендірді.Институт пен жатақхана жолындағы кітап,газет сататын киоскіге еріксіз бөгелтетін баспасөзге құмарлықдағдысы даатойлап тұрды.Алғаш қолыма іліккен Қарауылбек Қазиевтің «Ақ бантик» жинағы көзіме оттай басылды. Әсерлі жинақ қолыма кідіртпей қалам алғызды. Осы кітап жайлы рецензиям облыстық «Ленин жолы» газетінде кешеуілдетпей басылғаны ақ параққа қалам төндіретін жаңа бір дағды қалыптастырды. Менің баспасөзге бүйрегім бұруы дәл осы қадамнан бастау алғанын әлі кұнге мақтанышпен жадымда жаңғыртамын. Онан кейін белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар » романы әдебиет әлеміне мәңгі тілеулес етіп табындырып қойды.
Қаламымды ұштаған құптағандар
Әсілі, көркем туынды құдіреті оқырман біткенді табындырмай қоймайды. Америкадан шығармашылық сапардан оралған Шыңғыс Айтматов пен Қызылордадағы оқырмандар кездесуіне барғаным әлі күнге сағыныш самалындай желпиді. Атақты жазушының батырларға тән болмысы, мінбедегі өр үні балқытпай қоймайды.Осы шығармашылық жүздесу маған да қаламгерлік құлшыныс сезімін сыйлады.Содан бері Шыңғыс ағаның қазақ тілінде жарық көрген барлық кітаптары маған болашақ баспалдағындай тірекке айналды.
Театр құдіретіне таңдай қаққызған сахналық қойылымдардың шығармашылық шарпуы тіптен ерекше екен. Жергілікті драматург Оразбек Бодықовтың «Қанжар мен домбыра» атты спектаклін жай ғана тамашалап қоймай, рецензия жазғаным батылдық байламын сыйлады.
Студенттік шақ албырт сезіммен бірге болашақ кілтін қолға ұстатқанын марқая жадыма оралтамын. Облыстық газет жанындағы әдеби бірлестік отырыстарында атақты ақын Асқар Тоқмағамбетовтың бәрімізді жыр дәптеріне шұқшылтқаны қолдан қалам түсірмейтін жаңа әдет сыйлады.Белгілі жазушылар Насреддин Сералиев пен Саид Баязитовтың, майдангер қаламгер Досмағанбет Тасекеевтің ерекше дарын Қомшабай Сүйенішовтың жас талапкерларге айқын бағдар нұсқауы мені де еріксіз әдебиет босағасына ентелетті. Жерлес қаламгер ағамыз Жақсылық Түменбаевтың тапсырмасымен еңбек адамдары жайлы мақала жазғаным шығармашылық топқа жақындата түсті. Институт қабырғасында әдеби кештерде кейінірек белгілі жазушы болған Тынымбай Нұрмағамбетов пен сыншы Бақыт Сарбалаевтың студенттік мінбеде образды ой түйіндеуі маған да шабыт шарпуын сыйлады. «Қызғалдақтар», «Тыңдашы жәудір» атты тырнақ алды әңгімелерім аудандық Толқын газетінде жарияланғаны оқырман қауымды бір елеңдеткені хақ. Өкінішке орай, «Кешір жаным» атты әңгімем жатақхана бөлмелерін щарлап кеткені кәдімгідей желпіндіргені жалаң мақтаныш күйде қалғаны әлі күнге дейін қапаландырады. Редакцияға ұсынамын деп жүрген шырайлы шығармам бөлмеме қайта оралмады. Сол тәрізді «Пендеге тыным керек» деп аталатын шағын лингвистикалық әңгімемнен де қаралай көз жазып қалдым. Сол сияқты аяқталмаған «Толғаныс», «Алғашқы қадам» сияқты шығармаларым құнтсыздығымнан біржолата ғайып болды.Жерлес қаламгер ағамыз Айжарық Сәдібековтың тұңғыш хикаятым туралы зор ықылас білдіруін әдеби ортаның бағалауы деп білдім.
Қаламымды ұштаған,үлкен сенім ұялатқан үш кездесу бейнелеп айтқанда жазушылар одағының кепілдемесіндей жүректі шым еткізді. Аралды бүкіл әлемге «Қан мен тер» трилогиясы арқылы елеңдетіп қойған Әбдіжәміл Нұрпейісов пен кездесу үстінде өзіме қаратып айтылған «әдебиетші ғой» деп іш тартуы жадымда мәңгі жатталып қалды.Мен атақты жазушыға «Қан мен тер» романындағы Тәңірберген мен Ақбала қимастығын Шолоховтың «Тынық Дон» романындағы Аксинья мен Григорий бейнесімен сабақтастырғанымды Әбдіжәміл ағаның жылы жымиыспен құптағаны бір толқытып тастады.Тағы бір жүздесуде көрнекті жазушылар Тахауи Ахтанов пен Қалтай Мұхамеджанов шығармаларына қатысты мінбеде түйіндеген ықылас шарпуы кәдімдігей қанаттандырды.Тахауи аға оқырмандарға қолтаңба беру сәтінде маған ұсынған кітабына «Зор болашақ тілеген Т.Ахтанов»деп қалам қиғаштағаны сірә да естен кетер ме?!
Осындай пейіл шуағын Зейнолла Шүкіров ағаның 50 жылдығындағы кездесуде екінші рет сезінгенімді бата дәрежесінде қабылдадым. Менің қайсар қаламгерге аудан ұстаздары атынан тілек қосқаным құшақта жүрген ағаны тебірентіп тастағандай көрінді. Өзінің «Сарша тамыз» кітабына «сарша тамыздай ыстық көңілмен» деп автограф бергені әдеби күлшеден кем соқпады.

Сырласым, сыншым оқырман
Қырық жылдық еңбек өтілімнің ұстаздық пен журналистік қызметке теңдей бөлінгені әділеті нәтижеге айналды. «Толқындағы» әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметін беріле атқарғаным оқырман қауымның қадірлі авторына айналдырғанын дәтке қуат тұтамын.Еліміздің егемендік алуына байланысты газет атауының төбесінде «барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер» дейтін бұйрық тәрізді саяси сіреспе ұран сөзді алмастырған «Арал тағдыры-адамзатқа аманат!» атты маңдайша атау менің үлесіме жататындығын мақтаныш тұтамын. Газет өміріне «Бәрекелді», «Дауасын күткен дабыл» атты жаңа айдарлар әкелгенімде оқырманды желпініске жетелегені сөзсіз. «Ақиқат» атты жаңалықтар топтамасын әзірлегенім үшін аудандық газет журналистері арасында үздік атандырды.
Журналист атаулының шығармашылық мүмкіндігін безбенге салатын очерк жанры менің оң жамбасыма келді.Облыстық бәйгелерде «Оқ пен қоңырау», «Жеңістің бір ұшқыны», «Борыш тұғырындағы бақыт», «Мәңгілік мақтаныш» тәрізді жазбаларым арнайы жүлделерге ілікті.
Арал өңірінің белгілі меценаты Тоғыс Жұмашев туралы «Еркіндік еркебұланы», алтын ғұмыр иелері Ибрагим аға мен Ақбике апа жайында «Күн мен айдай жарқырап...», танымал кәсіпкер Бахыт Жүгінісовтің «Аққан жұлдыздай» ғұмыры хақында «Мәңгілік сағыныш» аталатын ғұмырнамалық хикаяттар демеушілердің көмегімен жеке жинақ болып оқырманнан сүйінші сұратқаны өзінше бір ғанибет.
Арал теңізінің трагедиясы әлемді шулатып жатқанда республикалық «Егемен Қазақстан», облыстық «Сыр бойы », аудандық «Толқын» газеттерінің арнайы біріккенсанында менің «Жабырқау жүз», «Шайлыққан жүрек» атты мақалам жарық көргені журналистикадағы айрықша үлесіме жатады.Арал тағдырына қатысты проблемалық мақалаларым II, III орта Азия экологиялық журналистика фестивальдарының лауреаты мәртебесін сыйлады. «Аллажар» қолдау қоры ұйымдастырған бәйгеде «Арал өңіріндегі мемлекеттік емес ұйымдардың қалыптасуы және даму мүмкіндіктері» атты сараптамалық материалдарым бірінші орынды еншіледі. Тәуелсіз «Халық» газеті ұйымдастырған бәйгеде «Қоғам қалығып кетепесін» атты мақалам үздік шықты.Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына байланысты ұйымдастырылған «Елім менің » атты облыстық шығармашылық байқауда «Үздік әдебиет танушы» номинациясын иелендім. Журналистикадан тыс «Дарабоз» әдеби аламанында «Алғашқы асу» хикаятым мен «Шөлдеген шағала» атты әңгімем үздік шығармалар қатарынан табылды. «Толқын» газетінің шығармашылық белесінде украинаның атақты ақыны Т.Г.Шевченконың Аралға қатысты поэзиясы туралы зерттеу мақалам әдеби ортаға ой салдырды.
Халқымыздың атақты жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылық эрудициясы турасындағы зерттеуім де оқырман ойынан шықты. Бір ғажабы осы еңбегім Әбдіжәміл ағаның 7 томдығының 4-ші томында менің «Суреткер серті семсердей» деген талдау мақалам енгізілгенін зор мәртебе санаймын. Әлемдік ғұлама Әбу Насыр Аль-Фарабидің ғылымдағы теңдессіз үлесін дәріптеген еңбегім де оқырман ойынан шыққаны хақ. Әдетте, қалам құдіреті тосын сыймен таңырқатады. Құрметті еңбек демалысына шыққан соң, поэзия әлеміде қол бұлғап, төрт толғау, отыздан астам өлеңдер шоғырын сыйлады.
Саяси қуғын-сүргін құрбаны ақын Нұрмағамбет Қосжановтың «Сартай батыр» дастаны, Ашубай ақынмен хат арқылы өлеңдетуі,өңір қаламгерлерінің жинақтары жайлы рецензияларым очерк,эссе,публицистикаларым әдебиет пен баспасөздің егіз екендігін айғақтауымен оқырман қауымды елеңдеткен де, естен кетпес шығармашылық қайтарым сияқты.

Жаңабай КЕМАЛ,
Қазақстанның құрметті журналисі
Арал ауданының құрметті азаматы
Қазақстанның құрметті журналисі
Арал ауданының құрметті азаматы