ЕҢБЕГІН ЕЛГЕ АРНАҒАН ЕЛДОС
Халықты ауызсумен қамтамасыз ету және су қорын келешек ұрпаққа сақтау үшін жан-жақты шаралар қабылдау – біздің тікелейміндетіміз.Қасым-Жомарт Тоқаев
Әңгіменің әлқиссасын жазушы Әбіш Кекілбаевтың "Шыңырауынан" бастағанды жөн санадық. Сонау Маңғыстау өңірінде шыңыраудың мөлдір суынан дәм татып, зәм-зәмнан мейірқандырғандай, сол суға шомылып пейілі тазарыпөскен жазушының шеберлігі бір бөлек. Ал тереңірек үңілсек ауызсу мәселесі қай уақыттан да маңызды екенін анық аңғарамыз. Қарапайым қара халықтан бастап, төрт түлігі жайылымды түгел жайлаған мыңғырған малы бар кердең байлардың да осы бір сусыз өмірді елестете алмайтынынкөрсетіп береді.
Осы бір шығармадағы құдықшы Еңсепті көз алдына елестетпеген оқырман жоқ шығар. Қара жұмыспен нан тауып, нәпақасын құдықшылықпен айырған оның өмірі расында бейнетке толы. Алайда ол осы еңбегін тек күнкөріс деп санаса да, екінші жағынан елдің батасы, қауымның алғысы жатыр. Кейбір деректерде осы Маңғыстау өңірінде әлі күнге дейін "Пәленше қазған", "Түгенше қазған" деген шыңыраулар кездеседі-мыс.
Бірақ бүгінде заман – басқа, қоғам – бөлек. Қазақ көшпелі өмірден тұрғылықты тіршіліккекөшті. Десе де өзгермеген бір ғана нәрсе бар. Ол – ауызсуға деген қажеттілік. Бұл жүз жыл, мейлі мың жыл өтсе де басты мәселе болып қала бермек.
Ол жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Қала халқының және ауылтұрғындарының көпшілігі таза ауыз суменқамтамасыз етілді. Енді алдымызда тұрған шұғыл міндет – 500-ге жуық ауылға су беру жұмысы. Әсіресе, ауыз суды тазалау мәселесін шешу қажет" деп атап өткен болатын.
Міне, дәл осы міндет қазірде қолға алынып, ауқымды жұмыс істеліп келеді. Еліміздің әр аймағында ауызсу мұқтаждығын жою жолындағы жұмыстары ауданда да кенже қалып жатқан жоқ. Оған дәлел осы мақаламыз болмақ.

Ауданда ұзындығы 235 шақырым болатын ауызсу желісі жүргізіліп жатыр. Осы жұмысты жүргізіп, құрылыс барысында жүрген "Милиоратор" ЖШС-ның прорабы Елдос Әбдуәлимен кездесіп, тілдесіп қайттық.
Кездесу басқа емес, ауызсу желісі жүргізіліп жатқан құрлыс басында өтті.
Аудан орталығы Арал қаласынан Сексеуіл кентіне бағыт алған жолда мұндағы қауырт жұмыс, қызу тіршілік көзге ұрып-ақ тұр. Көрген жан бір қарамай, ойланбай кетпесі анық. Мұндағы тау-тау болып үйіліп, құмнан қамал тұрғызғандай аумақта түрлі техника тыным табар емес. Олардың гүрілдеген дауысы мен құмның бұрқыраған шаңы ен даладағы өлі тіршіліктің тамырына қан жүгірткендей. Қазіргі таңда «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырының» 200 шақырымнан астам бірінші желісінің тозу деңгейі 80 пайызды құрап отыр. Биыл ауыз су құбырының екінші желісін тарту жұмыстары басталды. Біз келген аумақ дәл осы жұмыстың барысы.
Міне, дәл осы алқынған алаңда Елдос бізді қуана қарсы алып, жайдары жүзбен амандық-саулық сұрасқан соң, айналасындағы әр жұмыстың бағытын, әр техниканың жұмысын, әр азаматтың міндетін айтып, су құрылысының жұмысымен толық таныстырып шықты.
– Бұл 5 жылдық жоба. Ауызсудың қоры болып саналатын Қосаманнан Аралға, ары қарай Әйтеке би кентіне желі тартамыз. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бұл су желісінің ұзындығы 235 шақырымды құрайды. Ал биыл соның 14 километрін аяқтау жоспарланған. Жұмысты маусым айында бастап кеттік. Бүгінгі таңда 80 пайызы орындалып отыр. Желтоқсан айының ортасында жоспарды толық аяқтаймыз, – дейді.
Иә, жоғары білімді гидромилиорация маманы Елдос Әбдуәлидің басшылығымен 13 техника және 30-дан астам адамның межеленген міндетті уақытылы әрі өте сапалы түрде орындайтынына күмән жоқ. Себебі тәжірибесі де толыққан азаматтар осы уақытқа дейін Астана, Қарағанды, Шымкент және Қызылорда облысы көлемінде Шиелі, Жаңақорған, Арал аудандарында осы бағытта өте табысты жұмыс істеген.
Ел алғысын арқалап жүрген жандар жайлы айта келе, соңында мына бір ғибратты әңгімені айта кетсек.
Ертеде барлық құдық бір ауылда, қатар-қатар, өте тату орналасыпты. Барлығының мөлдір бұлағы айналасындағы табиғаттың да, адамзаттың да алаңсыз өлем сүгуіне мүмкіндік береді. Алайда күндердің бір күнінде құдықтар арасында бәсекелестік туып, бірі алтын-күміс, бірі бағалы заттар, бірі ақша жинай бастапты. Байлықтарына қарай бөлініп, ара-жігі алыстап, аралары да қашықтай беріпті. Осылайша өз орындарынан барлығы көшкенде сол қалпында тек суға ғана толған құдық жұпынылығына қысылып, елде қалады.
Күн артынан күн, ай артынан ай өтіп, байлық пен дәулет жиған құдықтардың айналасында не көк, не жұрт қалмай, айдалада ешкімге керексіз күйде дауыл айдаған құмға көміліп қалған екен. Ал суға толған құдықтың жанында жер көктеп, ел ептеп күн көріп, тіршілік жанданып, жаратылыс біткеннің алғысын алыпты.
Су – өмірдің нәрі, тіршіліктің бастауы деген осы. Ендеше халықты өмір нәрімен қамтамасыз етіп келе жатқан азаматтарға біз де шексіз алғыс білдіреміз.
Айта кетейік, ауданда ауызсу мәселе оң шешімін тауып келеді. Мемлекет басшысының 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекендерді түгелдей таза ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес қайтарылған заңсыз активтер есебінен биыл ауданорталығынан ең шалғайда орналасқан 5 елді мекен ауыз сумен қамтылуда (Тастүбек, Ерімбетжаға, Тоқабай, Абай, Ақбасты).
Қазіргі таңда Ақбасты елді мекені толықтай орталықтандырылған ауызсу желісіне қосылса, Тоқабай, Абай елді мекеніне ауыз су жеткізуді мерзімінде аяқтауға күш салынуда. Сонымен қатар Ерімбетжаға және Тастүбек елді мекендеріне ауызсу желісі тартылуда.
Осы жобаларды жүзеге асырсақ ауданда таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 95,9 пайызға жетеді.
Оңталап ЖОЛДАСОВ