Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Топ жарған тоғызқұмалақшы

Топ жарған тоғызқұмалақшы

Тоғызқұмалақ – ақыл-ойдың ұшқырлығын талап ететін ең күрделі ұлттық ойын түрлерінің бірі.
Өткен аптада Қызылорда қаласында тоғызқұмалақтан мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаев атындағы халықаралық  турнир өтті. Он бірінші мәрте ұйымдастырылған бәсекеге алыс - жақын шетелдерден (Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркменстан, Түркия, Тәжікстан) 20 команда да 220 тоғызқұмалақшы қатысты. Жарыс классика бойынша 9 кезеңнен тұрып, жас ерекшелігіне сәйкес 4 топта өткізілді.
Турнир нәтижесінде 15 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында Арал ауданы, Қарашалаң №75 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Гүлзат Қыстаубаева ІІІ орын иеленіп мектеп мерейін үстем етті.
Гүлзат бұдан бұрын да тоғызқұмалақ ойынының қыр сырын жетік меңгеріп, Н.Айхожаев пен Е.Ермағанбетов, Н.Сағындықов сынды ұстаздарының еңбегін ақтап, аудандық, облыстық, республикалық сайыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрген болатын. Ал, Дарынды шәкіртіміздің бұл жеңісі мәртебемізді өсіре түсті.
Сондай-ақ, Гүлзаттың шыңдалуына септігін тигізіп жүрген Арал ауданы №20 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшылығына алғысымызды білдіреміз.
Махамбетов Қожабек
Қарашалаң ауылы 
№ 75 орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі
15 наурыз 2018 ж. 2 103 0