
Ақпанда аққан жұлдыз
...Оның арманы асқақ еді. Қысқа ғұмырын құнды етіп, журналистика саласын аз уақыттың ішінде игеріп, елдің мақтанышына айналды. Әрқашан көптің алғысына бөленді. Қашан көрсең де қоғамның күнгейі мен көлеңкесін ажырату жолында қалам тербеді. Тілі өткір болатын. Айтса қиып, жазса жұлып түсетін қаршадайынан...