Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сырқаттың көңілін, көңілінің төрінен орын алған адам сұрасын...

Сырқаттың көңілін, көңілінің төрінен орын алған адам сұрасын...

– Сырқат адамның көңілін сұрауға да мәдиниет керек деген пікірге қалай қарайсыз?
Бауыржан Момышұлы:
– Мәдиниетті адамдар келіп, «денсаулығың жақсыма?» деп сұрағанда ауру ешуақытта да жазылмайды.
Оның жағдайын білгелі барған кісінің ықыласы, сырқаттың ол келгенде қуанып қалатындай сыйластық сезімі болуы керек.
Ерте кездерде қай халықтың өміріне үңіл, әсіресе Жапонияда жаны қиналып жатқан сырқат адамға жанашырлары кімді шақырамыз, кім көңілін көтере алады соны шақырайық деген.
Мұндай жағдай қазақта да болған. Әл үстінде жатқан сырқаттың жек көретін адамын ішке кіргізбеген.
– Мазасын алмаңыз. Сіз келгенде ол тебірене қоймайды. Оған жан дүниесін тебірентетін адам керек, – деп жолын бөгеген.
Сондықтан сырқаттың халін сұрауға мәдиниеттіліктің көк тиынға қажеті жоқ. Тіпті мәдиниетті адамдар сызылып барып, «денсаулығыңыз қалай?» дегенде сырқат жақтырмай, олардың келгенін ауырсынуы мүмкін.
Оның денсаулығын сұрау үшін барған кісінің де жан дүниесі тебіренетін, оны көргенде сырқаттың да жан дүниесі тебіренетін болуы керек.
Сонда ғана олар бір-біріне жақсы әсер ете алады.
Мамытбек ҚАЛДЫБАЙ


02 наурыз 2024 ж. 916 0