БӘДІЗ
І«... Ақұдай-ау, ақ кәзиттің парағындай сарғайыпкетеміз деп ойлаппыз ба әр тайып?!»
Жаңқа болып оралғанда жұмыстан,
қоңыр шешем, отырасың ортайып.
Қайран шешем, мынау уақыт – ұрының
бұзар ма еді мұрынын?!
Жалғыз ілгек – мені арқалап жол шегіп;
екі аяқты ат етіп, екі қолды қамшы етіп;
өсірген ең отызыңда жесір қап;
қырық бірде сұр шинелін тосырқап
әке кетті түйе іздеп.
Қырсық сиыр торпақ тағдыр біздерді
содан бері келеді әлі мүйіздеп.
ІІ
Тырсылдатып саусағы тағат таппай бір тыным,
мәшінкеге отырар иіргендей ұршығын.
Редакция.
Ескі там.
Таң әлеті.
Кешқұрым.
Күні-түні шешемнің саусақ күйін естідім.
Саусақ күйі күйге орап тастағандай әлгі үйді,
етегінде шешемнің маужыраймын, қалғимын.
Тырс-тырс... Тырс-тырс...
Тырсылдап зырылдайды қолдары,
жоқшылық-ай, қолында мыс жүзік те болмады.
Бес жасымда газетті ежелеп ем ең алғаш,
теңіз жырын газеттен жаттаған ем мен алғаш.
Нан қиқымын басқандай жерде жатса газеті,
кейіп шешем тастайтын сол мезетте баж етіп:
«Мынау, кәзит – теңіздің бір тамшысы дегейсің,
шейіт кеткен әкеңнің дүр қамшысы дегейсің,
теңіз емген қауымның көкіл ауы дегейсің,
жусан өскен далаңның шоқылары дегейсің,
құламаған бабаңның шаңырағы дегейсің,
айтылмаған дауыстап әнұраны дегейсің,
ақын ағаң Әукеңнің қолтаңбасы дегейсің,
туған жерің Аралдың елтаңбасы дегейсің,
теріскей ме, түстік пе, батыс, мейлі шығыс па,
балам, мынау кәзитті
һәм басыңды тік ұста!»
ІІІ
Әр парағы – құшағын
жайған «Қазақ» секілді.
Әр тарауы – «Айқаптың»
жүгі сынды не түрлі.
Әр сөйлемі –мақалдай,
әр тіркесі –мәтелдей,
баса білсең пернесін
қағаз сөйлеп кетердей.
Әр таңбасы –бәдіздеп
басылғандай тасқа сөз.
Төрге шығар қарт газет
жүз жасаған баспасөз.
Әр «Екпінді балықшы» –
киесіндей «Толқынның».
Құлақ, көзі һәм тілі –
айналайын халқымның!
IV
Не екенін білмей-ақ атақ, дақпырт, даңқтың,
жұмысыңа кешікпей келуге тек жанықтың.
Оқа, түйме, сылдырмақ, жылтыр қағаз – бірі жоқ,
есінде де жоқсың-ау, қоңыр шешем, халықтың.
Тырс-тырс... Тырс-тырс...
Тырсылдап тере бердің бүкшиіп,
мәшінкенің ізінен бас ала алмай мықшиып.
Теріп жатып, тәңірі-ай, кешегі мен бүгінді,
білдің бе екен тарихты теріп жатқандығыңды?!
Егіз көрем мен сені ақ газетпен әр күнгі,
Теңіз көрем көзіңнен, көрем және «Толқынды».
Тасқа таңба бәдіздеп, қашап, сынап, нақыстап,
қырық бес жыл беріпсің ғұмырыңды бағыштап.
Күн қақтаған газеттің парағындай сарғайып,
қоңыр шешем, мінекей, отырсың-ау ортайып.
Бүгін бәрі –жаңа, әппақ:
газет,
уақыт,
дерегі,
қарт газеттің әр үйге жаңа саны келеді.
Көрген сайын «Толқынның» әппақ жаңа өренін,
кірлетпеген отызда жаулығыңды көремін...
САНДЫҚ
І
қоқыр сөзді қоқсытып, құрап, жамап-жасқап aп,
өңеш жыртып, қылғынып, жыр оқысақ – масқара!
гүр-гүр еткен тембрге тойып қайтса – мына жұрт,
көк ала шөп, кендірге тойып қайтса – мына жұрт,
орман сөзден оймақтай ой алмаса – мына жұрт,
жәдігөй, жөт, әдетін қоя алмаса – мына жұрт,
шайырым-ау, несіне көсемсисің, гөйтесің,
өз жырыңа буынып өлемісің, қайтесің?!
Езу тартып күлсе жұрт: «әй, Есенин, білгішім,
сен өзіңді немене мықты санап тұрмысың?!»
Не деріңді біле алмай, сонда ішіңді ит тырнар...
Эстрада өлеңші,
шоу ақындар,
айтқырлар,
өз әлінше «жыр құрап» «әнге» басар – сауығы,
біз түгілі қыт-қыттар көрші үйдің тауығы.
Кешір бізді, тұп-тұнық, мөлдіреген қара Өлең,
құлағыңнан қан ағып, қолымызда өлер ең:
күй сықылды жоғалтып алар ма едік, әйтпесе,
он сандығын сықаған қоңыр шалдан қайтты есең.
ІІ
қоңыр қазақ ғұрпымен бөлінбеген енші алдық,
қоңыр шалдың артында қалған екен –он сандық.
қоңыр сандық ішінде қоңыр-қоңыр жол жатыр,
қоңыр жолдың шетінде қоңырайып ел жатыр.
ел ішінде қоп-қоңыр бір бала жүр кекілді,
қойдай қоңыр көзінде қоңыр мұң бар секілді.
қоңыр ойды кең құдай баста-ақ беріп тастапты,
бәрін берген сол құдай – заманынан ақсатты.
қызыл заман, қызыл ту, қызыл, қызыл, қан заман,
кәрі шеше, қос ұлды, аға, ініні жалмаған.
өзі барды ажалға –бұрау сала алмады,
құрығы ұзын болса да бұғау сала алмады.
Қорқыт, эпос, тарих, тіл, бәрін-бәрін –қаттады,
ықылымның бар жүгін сықа жинап сақтады.
он сандығы – ордадай, қасиетті құтхана,
он томдығы – білдей бір институтқа жүк болар.
ІІІ
Қоңыр жұртым, ақұдай,
келдік, міне, жыр құрап,
маңдайымнан тер емес, өлең исі бұрқырап.
Арнау айттық газеттің не-кро-лог-та-рын-дай,
таныдық па тым құрса көрші ауылдың шалындай.
Оқу керек, жігіттер, оқу керек, ұят-ты,
тойлап, тойлап шекеден мүйіз шыққан сияқты.
Құлпытас боп – кітап тұр, белін иіп сөренің,
зияраттап әлі ешкім келмегенін көремін.
Он томдығы – су жаңа, саусақ тілер – парағы,
мұқабасы, байқасаң, маңдайыңды жарады.
Ет үйреніп кеткендей мадақ жырға, одаға,
құлақтар да үйренді: «Шап! Шап!» – дейді, о, тоба!
Жыр оқимыз шалалау, залдар содан ортайған,
құр мақтасақ – қара шал, шалдар көп құр қартайған.
Ас ішіп, аяқ босатып, тойламайық ат үсті,
бұл базына Махамбет, Абайға да қатысты.
Әй, жігіттер, бәріміз болсақ-тағы ақиық,
тойлар бұрын, әуелі, ойланалық, оқиық..!

Дархан АМАНЖОЛҰЛЫ