ЖАСАЙ БЕРСІН ЗАМАНЫМНЫҢ «ТОЛҚЫНЫ»
Күнделікті тіршілігі қат-қабат,Ел-жұрты үшін жолға түскен жоқ қарап.Талай талант көтерілген биікке,
Осы жерге алып келіп бақ-талап.
Сөз айтады әр дәуірде ол тынбай,
Жүректерді тербетеді толқындай.
Тартылмайтын халық дейтін теңіздің,
Тереңінен жарқыраған алтындай.
Заман талай өтсе-дағы алмасып,
Сарғыш беттер жатса-дағы шаң басып.
Жаңа парақ ашады ол әр күнге,
Жақсылығы ізгілікке жалғасып.
Ғасырлардың ғибратын аршып ап,
Азаматқа жігер берер қамшылап.
Өмір үшін өнегенің өркені,
Жан-жағына жарық шашқан шамшырақ.
Келешекке тарап жетсін сол жарық,
Ғасыр тойын жасайды елі ол да анық.
Тоқсан бес жыл толғап келген жыры бар,
Тақырыбы – бейбіт өмір, ел-халық.
Асқақтатқан туған өлке Сыр атын,
Алашымның көтеріскен мұратын.
Жасай берсін заманымның «Толқыны»,
Өзі бір күн, сөзі мың күн тұратын.
ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕГІ ДАНА
Ұлтыменен бірге болған мұраты,
Әуелбектің әдебиетте тұр аты.
Өлеңіме қатар-қатар боп түсті,
Өмірінің ойы мен қыраты.
Ой жүйесін бері тартып түркіден,
Ол ғылымға салған еді тың түрен.
Ауыр күйді бастан кешкен адам бұл,
Қан тамғандай қаламының үрпінен.
Кім біледі қалғандығын қай маңда,
Ағартушы Қалжан өлген айдауда.
Қоңыратбаев әулетіне от түсті,
Қуғын-сүргін дейтін қасап майданда.
Заман еді зауал туған тағдырдан,
Шындық үшін шырылдаған жан құрбан.
«Үш әріптер» Әлібекті әкетіп,
Тынысындай Тынысбекті қалдырған.
Әуелбектің әрбір сөзі тыңдала,
Көлеңкедей еріп жүрді бір жала.
Күшіжетпейкүншілдердіңсонда да,
Дара болыпқалабердібұл дана.
Ер ішінде ерекше боп жаралған,
Саналыға сәуле болып таралған.
Сенімсіз деп кінәлаған қоғамда,
Анасындай пана тапқан Аралдан.
Айшықталмас біздің өлең дәріппен,
Айқындалар тарих дейтін анықпен.
Текті халық Қоңыратбаев есімін,
Жүрегіне жазған алтын әріппен
Ұлтыменен бірге болған мұраты,
Әуелбектің әдебиетте тұр аты.
Өлеңіме қатар-қатар боп түсті,
Өмірінің ойы мен қыраты.
Ой жүйесін бері тартып түркіден,
Ол ғылымға салған еді тың түрен.
Ауыр күйді бастан кешкен адам бұл,
Қан тамғандай қаламының үрпінен.
Кім біледі қалғандығын қай маңда,
Ағартушы Қалжан өлген айдауда.
Қоңыратбаев әулетіне от түсті,
Қуғын-сүргін дейтін қасап майданда.
Заман еді зауал туған тағдырдан,
Шындық үшін шырылдаған жан құрбан.
«Үш әріптер» Әлібекті әкетіп,
Тынысындай Тынысбекті қалдырған.
Әуелбектің әрбір сөзі тыңдала,
Көлеңкедей еріп жүрді бір жала.
Күшіжетпейкүншілдердіңсонда да,
Дара болыпқалабердібұл дана.
Ер ішінде ерекше боп жаралған,
Саналыға сәуле болып таралған.
Сенімсіз деп кінәлаған қоғамда,
Анасындай пана тапқан Аралдан.
Айшықталмас біздің өлең дәріппен,
Айқындалар тарих дейтін анықпен.
Текті халық Қоңыратбаев есімін,
Жүрегіне жазған алтын әріппен
Нұргүл ТӨЛЕУБАЙ










