
Ақ көгершін, көгершін!..
Наурыз шуағы. Күн мен түн теңелді. Жаңбыр сіркіреп жауды да, сәлден кейін басылды. Жарқырап күн шықты. Қыс өтті. Көктем күліп келді. Бұл өңірді қыс аса қыса қойған жоқ. Бұрқыраған алай-дүлей боран да бұрқасын да болмады. Содан ба, жерге ылғал аз түсті. Мүлде аз. Ұрлық-қарлық та толастамай тұр-ау! Әйтеуір...