Жұмысшылардың құқықтарымен еңбекті қорғау маңызды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 бабына сәйкес әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар.
Еліміз 1993 жылдан бері Халықаралық еңбек ұйымының мүшесі болып табылады. Халықаралық еңбек ұйымы 28 сәуірді барлық әлем мемлекеттері атап өтетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялады.
Бұл жұмыста қаза тапқан немесе жарақат алған жұмысшыларды еске алудың халықаралық күні.Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің ұраны: «Қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасы – еңбек саласындағы негізгі қағидат және құқық.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні әлемде жыл сайын 2003 жылдан бері атап өтіледі.Қазақстанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 2005 жылдан бері да атап өтіледі. Бұл науқан жұмыс берушілерді, жұмысшыларды, қоғамды еңбекті қорғаудың шешілмеген мәселелеріне бағытталған, сондай-ақ сол мәселелерді шешуге мүмкіндік беру мақсатында өткізіледі.
Халықаралық еңбекті қорғау күні – апатты, жарақаттануды және жұмыс орындарда сырқаттануды болдырмау үшін барлығын істеуге дайын, өндірісте қаза болғандарды еске алу. Біздің әрбіріміз жұмыс беруші де жұмысшылар да еңбекті қорғау мәдениетінің әлсіз болуы, барлық өндіріс қызметіне кері әсерін тигізу мүмкіндігін сезіну қажет.
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау – мемлекет, жұмыс берушілер, жұмысшылар бірлестігі тарапынан тұрақты назарын талап ететін маңызды әлеуметтік-еңбек мәселесі болған және болып та қала береді.
Еңбекті қорғаудың жұмыс істеуінің мақсаты – жұмысшылардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу болып табылады. Адам ол ең бағалы ресурс, сондықтан адам өмірін сақтап қалу және қамқорлық таныту жұмыс берушілердің басты міндеті болып табылады. Еңбекті қорғаудың жоғары деңгейі – адамдардың денсаулығы мен өмірінің сенімді кепілі.
Жақында, 7 сәуірде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі жұмыскердің өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ оның отбасының құқықтарын қамтамасыз ету бойынша заң нормаларымен толықтырылды.Заң өзгерістері 2026 жылдың 8 маусымында күшіне енеді.
Заң өзгерістеріне сәйкес жазатайым оқиғаны тергеп тексеруге комиссия жұмысына жұмыскердің ерік білдіруі бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының еркі бойынша адвокат немесе заң консультанты қатыса алады.
Сонымен қатар, комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі де қатыса алады.
Заң өзгерістеріндегі басты жаңалықтың бірі және бірегейі, ол жазатайым оқиға үшін кінәлілік дәрежесі бойынша айқындалады.
Заң нормасына сәйкес, егер өндірістегі жазатайым оқиға кезінде жұмыскердің өрескел абайсыздығы анықталса, комиссия оның кінәсінің дәрежесін пайызбен, бірақ 25% – дан аспайтын мөлшерде айқындайды. Бұрын заңнама максималды пайызды шектемеді, бұл тиісті төлемдерді төмендетуге мүмкіндік беретін. Жұмыскер кінәсін 25 пайызбен шектеу – зардап шеккен адамды қорғайды, тіпті оның кінәсі болса да, жұмыс беруші залалдың кем дегенде 75% -н жабады.
Берікбол Байхожаев,
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
Қызылорда облысы бойынша өкілі
Фото: baq.kz









