Өкініштісі, оның домбырасы да сақталмаған
Сырдың құяр сағасына жақын жатқан Аманөткелдің ежелден-ақ халық таланттарына бай жырдың елі болғандығы бүгінгі күні көпшілікке мәлім. Мұнда әрқайсысы өзі тұтас бір рухани әлем болып табылатын Еспембет, Бітімбай және Нұртуған сынды шайырлардан басқа Сыр бойына белгілі жыраулардың үлкен бір тобы тәрбиеленіп шыққан. Осында өмір сүрген жыраулардың ең бір көрнектісі де, ел құрметіне бөленген таланттысы да – Бітімбайұлы Жаңаберген. Бүгіндері жырау туралы тек өнерге жанашыр аз ғана жандар білгенімен, кейінгі ұрпақ жас қауым: «Міне, мынау Жаңабергеннің әні» дегенді естігені болмаса, оның өмірі мен жыраулық өнерін біледі деп айту қиын. Бойымыздағы әлі күнге дейін қалмай келе жатқан немқұрайлылық пен өткенімізге деген енжарлық та асылдарымыздың көзден таса, көңілден шет қала беруіне үлкен себептің бірі екендігі анық.Жаңаберген жырау 1883 жылы Аманөткел елді мекенінің бір шетіне орналасқан, өзіне дейін де талай атақты шайыр, өнерпаздарға мекен болған «Мырзаста» дүниеге келген. Оның жастайынан өлең-жырға бейім болып өсуіне осы бір өнерлі орта әсер еткені сөзсіз. Дегенмен, ең басты себеп, ол жыраулық өнерді әкесі Бітімбай шайырдан үйренген. Өсе келе оның бұл өнері «Мырзастың» көлемінен асып, ел аралап жыр айтуды дағдыға айнадырып, жыраулық жолға түсіреді. Оны ел аузында сақталған Нұртуғанның рухани ұстазы атанған Рахметов Сұлтан айтқан мына бір өлең жолдары толығынан растайды.
Нұртуған, жалғыз жүрдім сен жатқан соң,
Бақытжан тағдыр тауып ол қайтқан соң.
Іздесем, Жаңаберген қолға түспейді,
Қыдырып елден-елге жыр айтқан соң.
Жырау өз кезінде ескіше сауатты жаза білген және әкесі Бітімбай шайыр жазған жырларды қағаз бетіне түсіріп отырған. Оған дәлел 1940 жылы КСРО Ғылыми Академиясы Қазақ филиалының экспедиция мүшесі Сайын Хангелдинге әкесі Бітімбай жазып, өзі жырлаған «Қарабек батыр» жыры 1987 жылы басылып шыққан «Батырлар жырының» ІІІ томына енгізілген. Кітаптың соңында бұл туралы түсініктеме берілген. Онда «Қарабек батыр» жырының бірнеше варианты барлығы айылып, көркемдік сапасы мен сюжетінің тартымдылығына байланысты жинаққа Бітімбай нұсқасы алынғандығы айтылған. Бұған қоса Жаңабергеннің туған, өлген жылдары 1886-1956 жыл деп қате беріліп, оның өзін мұғалім деп көрсеткен. Дұрысы 1883-1946 жылдар және ол мұғалім емес, бұл кезде осы күнгі «Арал» совхозының территориясында орналасқан «Жаңаталап» колхозында басқарма төрағасы болатын.
Жаңаберген негізінен, «Қарабек батыр», «Кенесары-Наурызбай» және Нұртуған жырларын жырлаған. Өзі қиссаны түнімен айтатын және кешқұрым жай бастаған әнін тыңдаушылардың шаршап-шалдығуына қарай түн ортасы мен таң алдында жыр сазын неше түрлендіріп отырған. Осыдан да болса керек, тыңдаушылар одан еш уақытта жалықпаған. Ал, оның дауысының кеңдігі туралы Абдулла Жаңабаев былай деп әңгімелейді: «Ханда» немесе «Арғынбайда» отырып жыр айтқанда оның түнгі даусы Мырзаста отырған елге емін-еркін жететін. Сонда «Хан» мен «Мырзас» 5-6 шақырым болса, «Арғынбай» 4-5 шақырым жерде еді.
Ақшатаудың жанындағы «Сорғақта» отырып айтқан жырын таң алдында «Мырзаста» отырып естіген адамдар ауылымызда әлі де баршылық. Ал, бұл екі ара турасынан есептегенде 25 шақырым екен. Жырау кешқұрым отырып ән айтқан сайын алқымы ісініп, дауысы ашыла түскен және таң алдында көйлектің жоғарғы ілгектері өз орнына жетпей, түймеленбей қалып отырған. Әбужан ақсақал жырау әнінің бір қайырмасын созғанда, өзінің асықпай отырып жеті рет дем алғанын тамсана айтады. Ауылымызда осындай асыл өнерпаздың шыққандығын мақтаныш сезіммен еске ала отырып, осы бір адам туралы аздаған деректерді көпшілікке жеткізуге ниет қылдым. Шынында да керемет емес пе?
Сонымен бірге ауылымызда тұратын 86 жастағы шежіреге бай әңгімешіл қария Ысымов Қуанышбай атамыз айтқан мына бір естелік тіпті де қызық.
«1930-1932 жылдардағы үлкен ашаршылықтан кейін ел әлі де есін жия қоймаған кез. «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» деп балық-шабақ мол болғанымен астық жоқ болатын. 1935 жылы бала-шағаға астық іздеп көршілес Қазалы ауданының 3 колхозын аралап ештеңе таппай, 4-колхозға келгенімде, Жаңаберген кездесе кетті. Қысқа амандықтан кейін өзімнің жүрген жөнімді айтқанымда: «Бала, астық қайда кетер дейсің, бүгін менімен бірге бол!» деген ағаның уәжінен аса алмай, үнсіз келістім. Түнімен айтқан жырының арасында: «Мына отырған менің інім, осының шаруасын бітіріңдер» деп тапсырып та қойды. Ертеңгісін жыраудың өзін сыйлап, ауыл адамдары тауып берген 4 қап астықты алып елге жеттік» деп қария ризашылықпен еске алады. Осы бір оқиғадан халқымыздың қаншама қиын-қыстау күн болса да, өлең-жырға деген ортаймаған ықылас-пейілі мен Жаңаберген жырауға деген ерекше ел құрметін көреміз. Мұның өзі айтулы өнерпазға деген халықтың қойған ескерткішіндей болып елестеп тұратын тарихи дерек емес пе?
Жаңабергеннің жыраулық өнер жолындағы үлкен бір кезең оның 1936 жылы Алматыда болып өткен ақын, жырау-жыршылардың республикалық ІІ слетіне атақты өнерпаз Нартай Бекежанов және өзінің ауылдасы Әйімбетов Кәрібоз жыраулармен бірге қатысуы. Осы жолы үшеуінің бірге түскен суреті кейіннен жоғалып кетіп таптырмай отыр. Оның жоғалып кетуінің бір себебі, 1937 жылы Кәрібоз жыраудың «халық жауы» болып ұсталып кетуінде сияқты. Бұл өнер сайысында жырау Жамбыл мен Шашубайдың өнерін тамашалап, үлкен әсермен оралған. Бұдан кейінгі жылдары Жаңаберген жыр айтуды азайтқан. Оған себеп, қиса, жыр айту ескіліктің қалдығы саналып, бұрынғы жыршы-жырауларға үлкен қауіп төндірген 1937-1938 жылдардың қысталаңы еді. Соғыс жылдарында елге жаралы болып келген ауылдастарына оңаша ғана жыр айтқаны болмаса, кейіннен қолына домбыра ұстауды да қойған.
Жырау 1946 жылы «Жаңаталап» колхозында басқарма төрағасы болып тұрғанда қайтыс болды. Өкініштісі, оның домбырасы да сақталмаған. Қолда бар мектеп музейінің бір бұрышын алып тұрған суреті мен магнитофон таспасына жазылған екі әні ғана.