Қара қобызды қасиет тұтқан Ұлмекен
Қайбірде өнер адамдары туралы әңгіме қозғап отырғанда, сөз ауаны ауыса-ауыса келе «Аралдың қобызшы¬лары» деген тақырыпқа келген. Әуелі қобызшылардың басқа аспап иелеріне қарағанда аз екендігі айтылып, сол аздар кімдер деп сұрақ туғанда, әп дегеннен тіл ұшына Аралдың тумасы, бүгінде елордамыз Астанада тұратын...