Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізу туралы Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізу туралы Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы 2025 жылғы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды (кейбір нормаларды қоспағанда, ол жарияланғаннан кейін 60 күннен соң күшіне енеді, бұдан əрі – Заң).
Заңмен ӘҚБтК-нің 227 бабына өзгерістер мен толықтырулар, оның ішінде 9 бап бойынша жалпы бөлімге (24 түзету); 129 бап бойынша ерекше бөлімге (184 түзету, 247 құрам); 89 бапқа процестік бөлімге (185 түзету) енгізу қарастырылған.
Заңда ӘҚБтК-нің 43 бап бойынша (45 құқық бұзушылық) қолданыстағы
əкімшілік құқық бұзушылықтарды (айыппұлдарды) қатаңдату жəне күшейту, ӘҚБтК-нің 12 бап бойынша (20 құқық бұзушылық) айыппұлдарды жеңілдету,
сондай-ақ 5 бап бойынша жауаптылыққа тартылатын субъектілерді кеңейту жəне 11 бап бойынша жауаптылықты алып тастау қарастырылған.
Заңның негізгі жаңалықтары жазаның жаңа түрін «қоғамдық жұмысқа тартуды» енгізу (ӘҚБтК-нің жаңа 49-1-бабы, 11 бап бойынша көзделген, осы жылғы 1 қыркүйекте күшіне енеді), сондай-ақ жаңа институт, яғни Жоғарғы Соттан бөлек – кассациялық соттың құрылуы (2025 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді) болып табылады.
Мысалы, ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне ұсақ бұзақылық үшін жиырма сағаттан алпыс сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы жаңадан қосылған.
Сонымен қатар Заң күштеп əкелуді қолдану тəртібін реттеді (ӘҚБтК-нің
790-бабы). Сондай-ақ Президент жанындағы Құқық қорғау жəне сот жүйесін реформалау жөніндегі комиссия əзірлеген түзетулер де жүзеге асырылды, атап
айтқанда, құқық бұзушылықтың кейбір санаттары бойынша ескіру мерзімін есептеуге қатысты, бұл кезде құқық бұзушылық жасалған сəтпен бірге оның анықталған сəті де ескерілетін болады (бұл құқық бұзушылық анықталғаннан кейін 2 ай ішінде жауапқа тартуға міндеттейді, осылайша мемлекеттік органдарды тəртіпке келтіріп, тез арада шара қолдануға мəжбүр етеді).
Сондай-ақ «прокурорлық сүзгі» мəселесі бойынша прокурордың өкілеттіктері заңды түрде бекітілді (ӘҚБтК-нің 759-бабы).
Атап айтқанда, инвесторға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға прокурордың келісімінен кейін ғана рұқсат етілетінін қарастырады.
Прокурордың келісімінің болмауы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға негіз болып табылады.
Бұл түзетудің мақсаты мемлекеттік органдардың заңды кəсіпкерлік қызметке араласпауын қамтамасыз ету, инвестициялық ахуалды жақсарту жəне т.б. болып табылады.
Заңда Үкімет пен Парламент қолдаған Бас прокуратураның бастамасымен енгізілген түзетулер де қарастырылғаны атап өтіледі.
Мысалы, прокурордың наразылығымен қысқартылған іс жүргізу тəртібі
бойынша қаралған істерді қайта қарау (жаңа ӘҚБтК-нің 811-бабының 4-бөлігі, істерді осындай тəртіппен қарау мүмкіндігіне қойылатын нормалар бұзылған жағдайда); шығарып жіберу туралы сот актілерін апелляциялық тəртіпте қайта қарау мүмкіндігі (қазір тек кассацияда қайта қаралады, ӘҚБтК-нің 829-14-бабына түзетулер); заңды күшіне енген сот актілеріне адамның жағдайын жақсарту жағына қарай кассациялық шағымды (наразылықты) 2 жыл ішінде беру (қазір мерзім жоқ, ӘҚБтК-нің 851-бабы 4-бөлігіне түзетулер) жəне басқалары.
Арал аудандық прокуратурасы

Фото: Нұрболат Нұржаубай
13 наурыз 2025 ж. 95 0