Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауызсу мәселесі шешімін тауып келеді

Ауызсу мәселесі шешімін тауып келеді

Ғаламшар бізге ұсынған әрбір мүмкіндік адамзаттың ортақ құндылығы және байлығы болып табылады. Мысалы су. Кейін ауа және Күн... Бұлар - әлемнің үлкен байлықтары. Ішіп жүрген суымыз бен ауа математикалық көрсеткіштермен өлшеледі. Су – тіршілік көзі. Расымен де су барлық дерлік тіршілік ететін адам баласы мен табиғатқа өте қажет құбылыс. Яғни, адам да, жан-жануар да, табиғат та мұнсыз тіршілік ете алмасы анық. Осы тұста "Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры" өндірістік бөлімшесінің жұмыс барысымен танысқан болатынбыз.
1986 жылы «Арал-Сарыбұлақ су құбырын пайдалану басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны негізінен Арал және Қазалы аудандарының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Осы тұста ауданды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1970-1975 жылдар аралығында аудан аймағының Солтүстігінде орналасқан "Толағай" жер асты су қойнауларына, геологиялық барлау жұмыстары жүрген болатын. 2006 жылы «Арал-Сарыбұлақ су құбырын пайдалану басқармасы» МКК-ның меншігіндегі мүлігі түгелдей «Арал» СЖКБД филиалының меншігіне берілді. 2011 жылдан бастап «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі болып қайта құрылды. Алғаш ауданымызға Бердікөл-Қосаман елді мекеніндегі "Толағай" су көзінен 1986 жыл келіп ауданды сол арқылы қамтамасыз етіп отырмыз. Қазіргі таңда мекемеде 281 жұмысшы-қызметкер жұмыс істейді. сонымен бірге 26 дана техника жұмылдырылған. Тағы айта кетерлігі, бөлімшеде 43 насос стансасы, 28 дана су ұңғымасы, 1577,3 км су құбыры желілері, оның ішінде 739,7 шақырым магистральды су құбырлары және 837,692 ішкі су тарату желісі магистральды су құбырлары бойында 1590 дана бақылау құдықтары, сондай-ақ ішкі сі тарату желілері бойында 4405 дана бақылау құдықтары арқылы Арал ауданының 43, ал Қазалы ауданының 22 елді мекендерінің 165 мыңға жуық тұрғындарын, 439 Арал ауданындағы шаруашылық қызмет жүргізетін өзге де мекемелерді ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.
–Сусыз тіршілік жоқ екені белгілі. Ендігі жерде ауданда барлық дерлік көшелер мен кент, ауылдық округтарға су жүргізілген деп айтуымызға болады. Ендігі кезекте Тоқабай, Абай, сонымен бірге Ақбасты елді мекендеріне су құбыры құрылыстары жүріп жатыр. 2024 жылы Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендеріне су жүргізу жұмыстарына байланысты жоба дайындалып жатыр. Бұл 2025 жылға дейін бітеді деп күтілуде. Демек ол жерлер де сумен қамтамасыз етіледі деген сөз. Өндірістік бөлімше ауданның 43 елді мекенінің 14 963 абонентін, яғни 81 891 адам және де тұрақты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Арал ауданы бойынша су есептегіш құралымен 14 708 абонент су ішіп отыр. Ал көше калонкасы суын 189 және арнайы су таситын автокөлікпен 66 тұтынушы қамтамасыз етілген,–деді "Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры" өндірістік бөлімшесінің басшысы Ислам Қапаров.

Тағы айта кетерлігі, өткен жылы жыл көлемінде Қосаман бас су тоғанынан 3 989 611,81 текше метр ауы су өндіріліп, Арал және Қазалы аудандарына 3 757 723, 895 текше метр ауыз су таратылды. Соның ішінде Арал ауданына 1 827 331,527 м3 ауыз су тұтынушыларға тартылады. Сонымен бірге су қорының таусылу қауіпі жоқ. Себебі Қосаман елді мекеніне шығып жатқан су 50 жылға есептелген екен.
Бүгінде көпшілік арасында судың тарифтік бағасының өзгеруі маңызды деген сауалдардың бірі екені сөзсіз. Бұл тұрғыда Ислам Қапаров:
–Табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органмен бекітілген ауыз су жеткізу қызметінің тарифі ҚҚС-мен өткен жылдың қаңтар-мамыр айларында – 439,12 теңге, маусым-тамыз айларында – 490,90 теңге, қыркүйек айында – 454,78 теңге, қазан-қараша айларында – 490,90 тенге, сонымен бірге желтоқсан айынан бастап – 382,72ңгені құрайды. Дегенмен тұрғындар пайдаланған ауыз суды су есептегіші бар тұтынушылар 1 текше метріне жеңілдетілген тарифпен ҚҚС-мен 30 теңгеден төлем жасалады. Сонымен қатар көше колонкасынан тасымалдап ауыз су пайдаланатын тұтынушыларға ҚҚС-мен 40 теңгеден төлем жасалады. Бекітілген тариф пен жеңілдетілген тариф арасындағы айырмасы мемлекеттік бюджет есебінен субсидиялар түрінде төленеді. Республикадан бөлінетін субсидия толығымен игерілді. Ауыз су төлемін жеңілдету мақсатында ауыз су үшін төлем ақыны Kaspi қосымшасы арқылы төлеуге болатындығы жөнінде Арал қаласы әкімдігімен бірлесіп, аудан көлеміндегі әлеуметтік желілерге хабарламалар беру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қала, Сексеуіл, Жақсықылыш кенттері, сондай-ақ барлық орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылған халықтың 95 % осы қосымша арқылы ауыз су төлемдерін жасайды,–деді.

Сонымен бірге былтырғы жыл бойынша 739,7 км магистральды су құбырлары бойында 114 дана ақау магистральды су құбыры желілерінде орын алып қайта қалпына келтірілген. Сонымен бірге 837,692 км ішкі су құбырлары желілерінде орын алған 247 дана ақау қайта қалпына келтірілген болатын. Жаңа айтып өткенімдей апаттық жағдайды қайта қалпына келтіру үшін оның ішінде, бөлімшеге қарасты ауыз су жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын жоспарлы алдын-ала жөндеу жұмыстарының кестесі бекітілген екен. Осы жоспарлы алдын-ала жөндеу жұмыстарына қомақты қаржыны құрайтын шикізат-материалдар жұмсалып, бекітілген кестеге сәйкес Арал қаласы, Жақсықылыш, Сексеуіл кенттері, ауылдық елді мекендер бойынша су тарату бекеттерінің ауласындағы және ішкі су тарату құбырлары бойында орналасқан көру құдықтарының іші лайдан тазаланған. Сонымен бірге ішіндегі ашып-жабу арматураларына, өрт гидранттарына техникалық күтім жасалған. Тағы айта кетерлігі, жүйелі түрде барлық насос стансаларының аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, темір-бетон қоршауларын әктеу, темір қақпаларын сырлау және насос қондырғыларына техникалық күтім жасау жұмыстары атқарылған. Ауыз суды тұтынушылар санының көбеюіне және елді мекендерге ауыз су құрылысы жүруіне байланысты "Қосаман-Арал-Қазалы" жобасы жасалып, дайын тұр. Ендігі кезекте атаулы жоба жүзеге асуы қажет болып отыр. Себебі жаз айларында судың жетіспеушілігі жыл сайын көбейіп келеді. Егер атаулы жоба жүзеге асар болса, ауыз судың жетіспеушілігінен мәселе болмасы анық.
–Күз-қыс мезгілдерінде электр энергиясын үнемдеу мақсатында №2 Бердікөл су көтеру насос стансасы мен №3 Арал су көтеру насос стансаларындағы насос қондырғылары сөндіріліп, "Байпасный линия" арқылы су беріліп тұрды. Сексеуіл–Арал бағытындағы ескі ТНГ 100 маркалы су құбырының бойынан 18 ақауды темір листамен қаптап дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Арал–Аралқұм бағытындағы ТНГ 100 маркалы су құбырының бойынан орын алған 5 ақауды темір листамен қаптап дәнекерлеу жүмыстары жүрген болатын. Аралқұм–Қамыстыбас аралығындағы ТНГ80 маркалы магистральды су құбырлары бойындағы орын алған 6 ақауды темір листамен қатап жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ендігі кезекте елді мекендердегі 5 дана су көтеру мұнараларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді,–дейді Ислам Қапаров.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халықына Жолдауында: "Су ресурсы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер"–деген болатын.
А. НҰРЛАНОВА
10 шілде 2024 ж. 194 0