Он жеті жасар басқарма
Елсіз жер, ерсіз ел болмайды.Заманында ерен еңбегімен, қарымды іскерлігімен ел есінде қалған біртуар азаматтардың бірі – қоғам қайраткері Қуантқан Есмұқанов болатын. Ол туралы естелік әңгімелер ел ішінде менің бала күнімнен жадымда жатталып қалған еді...Әкем: «Әй, несін айтасың, бұл Аралда небір аяулы азаматтар болды ғой. Қазір карап отырсам, солардың көбісі жоқ арамызда. Соның бірі - арыстан жалды, арлан жүректі Қуантқан Есмұханов деген ағамыз еді» дейтін өткен-кеткенін ойға алған тұстарында амандығын сұрап, қайтарында бізді Балқашқа конаққа шақырды. Біз құп алдық» дейтін.
Иә, осынау Қуантқан Есмұханов атты алдыңғы аға буын санатындағы ардақты азаматтың есімін кейінірек сирек те болса кұлағым шалып калатын. Сонан менің бұл кісіге деген қызығушылығым ерте оянды. Тіпті, бала кезімде ауыл іргесіндегі «Тұщы көлдің» «Жалпақ өткел» тұсында пішен орып жатқанда да осы кісінің есімін ол құрметпен айтып отыратын.
...Жағалай масахана. Құдды бұл бір ауыл. Сонан қашан көзіміз ұйқыға кеткенше сыртта ызын-ызың еткен қалын масаның дауысымен қапталдаса шығатын біздің шалдың әңгімесіне құлақ түреміз. Мұндайда жыбырлауық тұстастарым да сілтідей тынып қалады. Көздері бақырайып, марлы масахананың төбесіндегі жұлдыздары жалт-жұлт жыпырлаған түнгі аспанды шолады. Құлақтары ымыртты үйіріп шыққан әнгімеде: Е, ол кездері біздің ауылда қазіргідей теледидар жок, радио да болса бір үйде болушы еді. Сондықтан біздер әкелеріміздің, ағаларымыздың өнегелі, кейде күлкілі жәйттерге толы әнгімелеріне әсерлене құлақ салушы едік.
-Ұмытпасам,-дейді әкем Қуантқан Есмұханов секілді біртуар азамат туралы әңгімесін онан әрі созып: -Елуінші жылдардың алғашқы ширегі болуы керек, колхоз бізді, балықшыларды Балқаш көлінен балық аулауға көшірді. Ай, мезгіл жаздың аяғы, күздің басы болуы керек. Ауылда жүргенде «Ойбай, Балқашта біздің ауылдан Қуантқан Есмұханов деген ағамыз бар. Балық тресінің дырдай директоры. Беделі тіпті алапат көрінеді» дейтін о кісі жайлы.
«Жақсы сөз - жарым ырыс» деген емес пе, Қуантқан ағамыздың өзін көрмесек те, қатар отырып сөзін естімесек те «ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» дегендей, сырттай марқайып жүрген кезіміз. «Жақсы адамның жаттығы жоқ» деген ғой. «Бір жақсы таққа мінсе, қырық адам атқа мінеді» деп мәтелдейтін елдің ұрпағы емеспіз бе…
Әкемнің ұзынсонар әңгімесіне ауық-ауық өзінен үш-төрт жас үлкендігі бар құдайы көршіміз Бердалы көкеміз оқтын-оқтын киліге береді:
-Иә, менің де есіме енді түсіп отыр, 1950 жылы ғой. Біздің Қаратүп колхозы мен Қарашалаң колхозының балықшылары Балқашқа қатарлас барған сол күзге салым уақыты сді ғой.
-Ту, Бердалы, әңгімені неге бұза бересің?-дейді бізбен көрші масаханадағы Базан жездеміз. О кісінің құрдасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Қошмағамбет көкеміз де:
-Апыр-ай, не болған саған?-деп дауыстайды арғы шеттен.
Сәл үнсіздік орнады. Масахананың сыртындағы біз тұмсық сары масалар осы бір үнсіздікті пайдаланып қалғысы келгендей ызың-ызын етіп зықымызды шығарып жібере жаздайды. Қошмағамбет көкем айтқандай, баяғы фашистердін «миссершмиттері» сықылды.
-Жаудай қаптауын әтеңе нәлеттердің,-деп Жарқынбай нағашымыз кіжініп-кіжініп кояды.
-Қошекең көкем осындай қалың жауды қайтіп жапырып, елге есен-сау келді екен-ау,-Жақсыбала ағам да аналардан калыспайды.
-Жә, сонан,-деп әкем жаңағы үзілген әңгіменің жібін қайта жалғайды: -Біздін балық аулайтын жеріміз орталықтан шалғай жерде екен. Бірақ балықтан келген соң ара-тұра: «Апыр-ай, Қуантқан ағамызға сәлемдесудің қашан реті келер екен» деп бәріміз қос ішінде армандап қоятынбыз. Соның сәті күндердің бір күні оңынан келе калды.
«Аралдан балықшы ағайындар келді» деген хабарды құлағы шалған Балқаш мемлекеттік балық тресінің басқарушысы Қ.Есмұханов қызметтен қолының бір босаған сәтін пайдаланып біз жаткан Лепсіге карай көлігімен бір-жар жолдастарын жанына ертіп сәскеге таман келіп тұр.
Бұрыннан естуіміз бар, газеттерден көргеніміз бар, салғаннан тани кеттік. Жаңа айттым ғой, «Жақсыда жаттық жоқ» деп. Қуекең құшағын айқара ашып, салғаннан елді, ағайындарды сағынғанын білдіріп жатыр. Өте қарапайым кісі екен. Үстінде китель, басында Сталин заманының шапкісі. Жас шамасы сол кездері қырықтын о жак-бқ жағында болар.-Сонан Қуекең балықшының қара қосынан дәм татып, Аралдың жаңалықтарын, ағайын-туыстардың амандығын сұрап, қайтарында бізді Балқашқа қонаққа шақырды. Біз құп алдық.
Сол күні әкемнің әңгімесінен ұққаным, Аралдан барған жерлестерін Қуантқан Есмұханов хан баласындай күтіп алып, көл-көсір қонақ етіп жайлап, төрінен орын, төбесінен жай беріпті. Өзі басқаратын Балқаш мемлекеттік балық тресінің айналасы атшаптырым зәулім мекен-жайының атқарып жатқан алуан қырлы жұмыстарымен таныстырады. Қонақтарының бәрінен бұрын таңырқағаны, трестің қақпасына келгенде қатты байқалады. Қараса, темір қақпаның жоғары жақ бір шетінде Сталиннің әскери формадағы, екінші жақ шетінде трест басқарушысы Қ.Есмұхановтың портреттері қатар ілулі тұр екен.
Иә, бұл сол заманда жазықсыз талай кеңес адамдарын, зиялы қауымды жаппай атып-асып, итжеккенге айдатып жаткан зұлмат кезеңінің соңғы шағы болатын. Мұртты көсемнің Берия сияқты жандайшаптарының қолымен от көсеп, небір жайсандардың обалына қалған осынау тұсында Кеңес Одағы құдды басқа әлемнен тарс бөлініп жатқан тас қамал іспеттес еді. Кеше ғана ата жауын күйрете жеңіп, атағы төрткүл дүниеге танымал болған Еуразия құрлығындағы осы бір алып мемлекеттің қатал да қатыгез басшысының әбжіл әрекеттері сол кездегі аға буын өкілдеріне әбден мәлім еді.
Ендеше, тирандық тұлғасымен Кеңестер Одагы түгілі, әлемдегі бейбіт сүйгіш елдерді түгелдей тітіренткен Сталинмен өзін теңестірген Қуантқан Есмұханов атты казақ кім? Енді осыған аз-кем тоқтала кетейік.
Қуантқан Есмұханов Қызылорда облысының Арал ауданындағы Қаратерең ауылдық округінің тумасы. Осы өңірде 1914 жылы шаруа отбасында дүниеге келіп, 1976 жылы 62 жасында Аққұлақ елді мекенінде өмірден өткен болатын. Әкесі Көптілеу шаруа баққан кәдімгі ауыл казағы болатын, 1918 жылы дүние салады. Анасы болса мұны жетелеп жүрі өсіріп ел катарына косты. Сөйтіп ол да соғыс өрті лаулап тұрған 1944 жылы бұл жалғаннан өте шықкан еді.
Жастайынан шаруаға мығым, әр істің көзін әу бастан танып өскен Қ.Есмұханов әуелі Арал каласындағы оқу комбинатың, сонан соң Ресейдің Астрахань каласындағы балық шаруашылығы техникумын, сәл кейінірек Қызылорда ауылшаруашылығы техникумын тәмамдайды.
Күллі саналы ғұмырын балық шаруашылығының басшылығына бағыштаған Қ.Есмұханов осы жылдары алғашқы еңбек жолын бақташы, балықшы болып бастайды. 1931 жылдары он жеті жасында Алматы облысы Бөрлітөбе ауданындағы «Көпбірлік» балық колхозын басқарады. Мұнан соң Солтүстік Арал тенізі МРС-ның директоры, Арал аудандық балық колхоздары одағының, Арал калалық кенесі атқару комитетінің төрағасы, Балқаш балық тресінін басқарушысы, Ақбай өңіріндегі Қазақстанның ХХХ жылдағы атындағы артелінің төрағасы, Бөген МРС директоры қызметтерін мінсіз атқарады.
Қуекең жайлы ел ішінде аңызға бергісіз әнгімелер аз емес. Соның бірінде былай делінеді: Сірә, бұл ол кісінің балық колхозының төрағасы кезі болуы керек. Аупарткомның бірінші хатшысы Г.Ишкенов республика балық шаруашылығы министрлігінің сұранысы бойынша сонау 30-шы жылдары Балқашта балық саласында біраз қызмет атқарып тәжірибе жинақтаған Қуекеңнін ізіне «сол жаққа барасын» деп шам алып түскен ғой. Бұл отбасылық жағдайын айтады, ол түсінбейді. Сонан күндердін бір күндері колхоз жиналысына қатысқан аупартком хатшысы әлгі әнгімесін тағы қайталайды. Жиналыс аяқталып. кеңседе екеуден-екеу оңаша қалғанда ержүрек Есмұханов хатшыны жұдырықтың астына алып: «Әтеңе нәлет татар ит, соншама ізіме түсіп, менен басқа адам таба алмай қалдың ба?» деген екен. Анау да нағыз еркек болса керек, үнсіз-түнсіз шығып жүре беріпті. Асылы, қатардағы басқармадан таяқ жеп қалдым деп кімге, не деп айтсын. Сөйтіп Куекең ит арқасы кияндағы Балқашқа барудан бір жолға құтылып кетіпті.
Осындай абзал азаматтың артында қалған ұрпақтары еліміздің түкпір-түкпірінде адал да абыройлы қызмет атқарып жүр. Ал Қ.Есмұхановқа атақты Шашубай Қошқарбайұлының қанжар тарту етуі, композитор Мұқан Төлебаевтың ол кісінің қарамағында бір кездері экономист болып кызмет аткаруы, республика дайындау министрі болған Тайыровпен карым-қатынасы өз алдына бөлек әңгіме. Өткені аңыз, бүгіні үлгі-өнеге болған осындай тау тұлғаның есімін Арал қаласындағы бір көшеге еншілесе нұр үстіне нұр болар еді.
Заманында Сталин сияқты алып мемлекеттің бірінші басшысының портретінің жанына өз портретін қатар койып, казақ ұлтының да осал еместігін танытуға талпынған ержүрек Есмұханов есімі ел есінде мәңгілік сақталады.
Толыбай АБЫЛАЕВ.









